КАРТОП ТҮЙНЕКТЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫНА ИНСЕКТИЦИДТЕРДІҢ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_151Кілт сөздер:
картоп;, өнімділік;, инсектицидтер;, колорадо қоңызы;, картоп түйнектері;, сұрып;, биохимиялық құрам.Аңдатпа
Мақалада инсектицидтердің картоп түйнектерінің биохимиялық құрамына әсер етуінің нәтижелері келтірілген. Инсектицидтермен өңделген картоп түйнектеріне құрғақ заттардың, крахмалдың, нитраттардың және С витаминінің құрамына зертханалық талдау жүргізілді. Зерттеу 3 инсектицид сыналды: Клорид в. к (0,07 л/га), Инсект (0,1 л/га), Амадеус (0,08 л/га).
Ғылыми-зерттеу жұмыстары Ақмола облысы, Зеренді ауданы, "Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы" ЖШС тәжірибе танаптарында жүргізілді. Зерттеулер "Шағалалы" және "Галла" картоп сортына жүргізілді.
Зертханалық талдау нәтижелері бойынша колорадо қоңызына қарсы қолданылған инсектицидтер картоп түйнектерінің биохимиялық құрамына айтарлықтай әсер етпейтіндігін көрсетті. С витаминінің ең көп мөлшері Амадеус (0,08 л/га) инсектицидін қолдану нұсқасында – 14,9% және Клорид в.к (0,07 л/га) инсектицидін қолдану нұсқасында - 14,5% көрсетті. Картоп түйнектерінің үлгілер құрамын зертханалық зерттеу кезінде бақылау нұсқасындағы құрғақ заттардың мөлшері 22,6% құрады. Клорид в. К (0,07 л/га) инсектицидімен өңделген нұсқадағы крахмалдың мөлшері ең жоғары нәтиже көрсетті және 15,8% құрады.