ӨЗЕН ҚҰНДЫЗЫ СОЙЫС ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ

Авторлар

  • Жұматай Мирас Бекежанулы Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті https://orcid.org/0000-0002-3953-9738
  • Жумагелдиев Акылбек Амиркулович Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
  • Бактыгалиева Асемгул Темирхановна Баишев университеті. Ақтөбе
  • Узынтлеуова Акжаркын Дауренбековна Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_16

Кілт сөздер:

микробиологиялық көрсеткіштері., қауіпсіздік, өзен құндызы

Аңдатпа

Мақалада саятшылар мен аңшылардың талғап жейтін асы, кәсіби ауланатын жануар болып табылатын өзен құндызы сойыс өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы және ветеринарлық санитарлық сараптамасы сойыс жануары болып табылатын үй қояны сойыс өнімдерімен салыстырыла отырып тексерілді.

Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында ауланып әкелінген өзен құндызы ұшасы мен мүшелерінің сапасы мен қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын химиялық құрамы анықталды. Ол бойынша нәруыздың үлес салмағы 3г/100г жоғары, майдың үлес салмағы 2г/100г, ылғалдылық үлесі салмағы 1 г/100г төмен болса, күлдің үлес салмағы шамалас. Қуаттылығы 6,9 ккал/100г кем. Сонымен қатар, сойыс өнімдерінің құрамындағы алмастырылмай­тын аминқышқылдары 734 мг/100г, алмастырылатын аминқышқылдары 1231 мг/100г жоғары болса, аминқышқылдарының жалпы мөлшері 1962мг/100г көп болып шықты. Майқышқылдарының мөлшері бойынша 2044мг/100г төмен. Минералды заттарынан темірдің мөлшері екі еседей артық болса, калий 20 мг/100г, фосфор 49 мг/100г көп болғандығы белгілі болды. Дәрумендерінің сапалық құрамы бойынша тексерілген барлық дәрумендер жоғары екендігін тексеру нәтижесі көрсетті.

Жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, өзен құндызы сойыс өнімдерінің тағамдық құндылығы анықталып, қауіпсіздігі тексерілді, үй қояны ұшасы мен мүшелерінен алынған сынамалармен салыстырыла отырып, талдаулар жүргізілді. Микробиологиялық тексерулер жүргізіліп, өнімнің қауіпсіздігі бағаланды. Тексеру нәтижесі бойынша, өзен құндызы сойыс өнімдері сапалы және қауіпсіз өнім болып табылады.

Автор өмірбаяндары

  • Жұматай Мирас Бекежанулы, Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

    «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша магистратураның білім алушысы

  • Жумагелдиев Акылбек Амиркулович, Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

    «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының профессоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты

  • Бактыгалиева Асемгул Темирхановна, Баишев университеті. Ақтөбе

    «Ауылшаруашылығы және экология» кафедрасының аға оқытушысы PhD докторы

  • Узынтлеуова Акжаркын Дауренбековна, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

    «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының аға оқытушысы, ветеринария ғылымдарының магистрі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-02-14

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар