СҮТ САРЫСУ НЕГІЗІНДЕ ЖЕМДІК ҚОСПА АЛУДА АШЫТҚЫ КОНСОРЦИУМДАРЫН ҚҰРАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_55Кілт сөздер:
ашытқы дақылдары, жемдік қоспа, консорциум, сүт сарысуыАңдатпа
Қазіргі таңда мал шаруашылығында қолданылатын жемшөп құрамындағы белок жеткілікті мөлшерде қамтылмаған. Жемшөп құрамындағы белоктың жетіспеушілігінен малдың өнімділігі мен өнім сапасы төмендейді және жемшөптің қажетсіз шығынына әкеледі. Осыған байланысты, микроорганизмдер биомассасы негізінде жемдік қоспа алу практикалық жағынан тиімді болып келеді. Ашытқылар биомассасы және олардың консорциумдарын қолдану заман талаптарына сай белок жетіспеушілігі проблемаларын азайтуға мүмкіндік береді. Ғылыми мақала жемдік қоспаны ашытқы консорциумдарын екіншілік субстраттарда, соның ішінде сүт сарысуы негізінде алу зерттеу жұмысына арналған. Зерттеу нысаны ретінде сүт қышқылды өнімдерден бөлініп алынған ашытқы штамдары - Kluyveromyces marxianus SS1, Candida kefyr KK1, Kluyveromyces marxianus KK2, коллекциялық штамдар - Pichia fermentans TD1, Kluyveromyces marxianus ТD7 пайдаланылды. Ашытқы дақылдарының морфологиялық-культуралдық, молекулалық-генетикалық, биосәйкестік қасиеттері зерттелді. Сүт сарысуында өсуі қарқындылығы жоғары ашытқы дақылдарының консорциумдары: 1) Candida kefyr KK1 - Pichia fermentans TD1; 2) Pichia fermentans TD1 - Kluyveromyces marxianus ТD7 құрастырылды. Ашытқылардың моно және аралас дақылдарының сүт сарысуында биомасса жинау қасиеті зерттелді. Зерттеу жұмысы жемдік қоспа алуда моно - дақылдарға қарағанда аралас дақылдарды қолдану тиімді болып табылатындығын көрсетті.