АЛЬФА S1 И КАППА-КАЗЕИН ГЕН ЛОКУСТАРЫ БОЙЫНША CAMELUS DROMEDARIESЖӘНЕ CAMELUS BACTRIANUS ТҮЙЕЛЕРІН ГЕНОТИПТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Авторлар

  • Терлецкий Валерий Павлович А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университеті
  • Тыщенко Валентина Ивановна Бүкілресейлік генетика және ауылщаруашылық малдарын өсіру ғылыми-зерттеу институты, Академик Л.К. Эрнст атындағы Бүкілресейлік мал шаруашылығы институты Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің «Федерал¬дық мал шаруашылығы орталығыны» филиалы (БГЖМӨҒЗИ)

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_45

Кілт сөздер:

генотиптеу, альфа S1, каппа-казеин, ПТР-РФҰП талдауы, түйенің қазақ тұқымдары, дромедарлар, бактриандар

Аңдатпа

Сүтті тұқымды Camelus dromedarius (n=18) және етті тұқымды Camelus bactrianus (n=18) қазақ түйелеріне альфа-S1-казеин (αs1-CN) және каппа-казеин (κ-CN) локустары бойынша ПТР-РФҰП талдау әдісімен генотиптеу жүргізілген. Авторлар геннің генетикалық нұсқаларын анықтау үшін CSN3 генінің фрагментін амплификация жасау үшін жаңа жұп праймерлерді қолданған, содан кейін AluI эндонуклеазасымен реакция өнімдерін рестрикция жасау арқылы генетикалық вариант­тарын анықтаған. Тек каппа-казеин локусы бойынша ғана ДНҚ полиморфизмі анықталған,ал екінші альфа-S1 казеин гені бойынша зерттелген популяцияда генетикалық полиморфизм табылмаған.

Каппа-казеин орналасқан жері бойынша дромедар және бактриан тұқым түйелері үшін генотиптің нақты және теориялық таралу арасындағы үлкен сәйкессіздік анықталды.

TT және CC ( теориялық тұрғыдан күтілетін 14,2-ге қарсы16, сәйкесінше теориялық тұрғы­дан күтілетін 0,2-ге 2,) гомозиготаларының артық мөлшері және TC (теориялық тұрғыдан күтіле­тін 3,6-ға қарсы 0) гетерозиготалар жеткіліксіздігі анықталды. Егер генотиптердің эмпириялық және теориялық таралуы бірдей мәнге ие болса, хи-квадрат көрсеткіші нөлге тең. Бақыланатын және күтілетін сандар арасындағы айырмашылық өскен сайын хи-квадрат мәні артады.

Альфа-S1-казеин және каппа-казеин локустары бойынша қазақ бактриан және дромедар тұқымдарының түйелерін генотиптеу нәтижелері дромедар тұқымды түйелердің бактриан тұқымдасымен салыстырғанда полиморфты екенін көрсетті.

Автор өмірбаяндары

  • Терлецкий Валерий Павлович, А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университеті

    биология ғылымдарының докторы, «Жаратылыстану ғылым­дары және география», кафедрасының профессоры, Ленинград облысының автономиялық мемле­кеттік жоғарғы білім беру мекемесі

  • Тыщенко Валентина Ивановна , Бүкілресейлік генетика және ауылщаруашылық малдарын өсіру ғылыми-зерттеу институты, Академик Л.К. Эрнст атындағы Бүкілресейлік мал шаруашылығы институты Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің «Федерал¬дық мал шаруашылығы орталығыны» филиалы (БГЖМӨҒЗИ)

    биология ғылымдарының кандидаты, «Молекулярлық гене­тика зертханасының» аға ғылыми қызметкері

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар