БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚ ТІЛІНОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУ» АТТЫЭЛЕКТИВТІ КУРСТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

-

Авторлар

  • Баймухамбетова Куралай Мыктыбековна Қазақстан Республикасының Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті https://orcid.org/0000-0002-1140-5850
  • Ыбыраимжанов Калибек Турдыгазиевич Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Ирсакова Мадина Аскаровна М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_147

Кілт сөздер:

элективті курс, болашақ бастауыш мұғалімі, білім берудегі инновация, жаңашылдық, инновациялық әдістер, инновациялық технология

Аңдатпа

Бұл мақалада элективті курс бағдарламасы ақпараттық-цифрлық білім беру технология­лары мен заманауи әдістерін қолданудың тиімді бағыттарының бірі болып табылады. Мақаланың мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өз кәсіби қызметінде инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалану арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастырған іс-әрекетін инновациялық тұрғыдан дайындай алу деңгейін анықтау болып табылады. Зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды: инновациялық технологияларды пайдаланудың артықшылығынанықтауүшінсауалнама жүргізу және деректерді талдау; элективті курстың маңыздылығын көрсету.

Элективті курстың тиімділігін анықтаудың тәжірибелік маңыздылығы:Қазақ тілін оқытуда болашақ бастауыш сынып мұғалімін инновациялық кәсіби іс-әрекетке даярлау мәселесін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздей отырып, ұсынылған теориялық қағидалар мен қорытындылар, жаңартылған білім мазмұнындағы заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды өз тәжірибесінде тиімді пайдалануды көздеп, болашақ мұғалім әдістемелік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге жол ашып, білім сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Зерттеу нәтижелерінің анықтығы мен негізділігі:Зерттеу нәтижесінде аталған курстың сапасы мен дамытылуын қамтамасыз етеді. Инновациялық технология элементтерін пайдалану болашақ бастауыш сынып мұғалімі бойында цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқыту барысында мобильді сервистік қосымшаларды тиімді қолдана алады.

Автор өмірбаяндары

  • Баймухамбетова Куралай Мыктыбековна, Қазақстан Республикасының Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    8D01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының докторанты

     
  • Ыбыраимжанов Калибек Турдыгазиевич, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    п.ғ.д.,профессор, Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының профессоры

  • Ирсакова Мадина Аскаровна, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    магистр, аға оқытушы, Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы, «Ұстаз»институты

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-11-27

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар