ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ КЕЙС ӘДІСІ: КӘСІБИ БІЛГІЛІКТІ ДАМЫТУ

Авторлар

  • Әбіл Ақмарал Сатыбайқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Мұхамбетжанова Ботагоз Булековна Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Айтмагамбетова Шынар Кунтуаровна Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_151

Кілт сөздер:

, кәсіби дағдылар, кейс-әдісі, студент, технологиялар, университет, цифрландыру

Аңдатпа

Заманауи әлемде цифрлық технологиялар өмірдің барлық салаларына еніп, біздің күнделікті өміріміздің көптеген аспектілеріне, соның ішінде еңбек әрекеттеріне әсер етті. Нәтижесінде, бұрын мансаптық табыстың кілті болып саналатын кәсіби дағдылар енді әрі қарай бейімделу мен дамуды қажет етеді. Мақсаты – заманауи талаптарға тиімді бейімделе алатын болашақ мұғалімдерді дайындау үшін цифрлық дәуірде кейс әдісін қолдану ерекшеліктерін зерттеу. Міндеттері: кейс әдісінің теориялық негіздерін және оның оқу тәжірибесіндегі маңызын, олардың цифрлық ортадағы артықшылықтары мен шектеулерін талдау және т.б. Мақалада цифрлық дәуірдің кәсіби дағдыларға әсерімен байланысты негізгі тенденциялар мен қиындықтарға шолу жасалған. Сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізумен байланысты қарқынды дамып келе жатқан технологиялардан туындайтын жаңа дағдыларға қойылатын талаптар қарастырылады. Таңдалған практикалық әдістер мен тәсілдер цифрлық дәуірде кәсіби дағдыларды дамытуда кейс әдісін қолданудың мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсетеді.   Ұсынылған зерттеудің нәтижелері цифрлық дәуірде кәсіби дағдыларды дамытуда кейс әдісін және басқа да инновациялық әдістерді қолдану бойынша ұсынымдар мен практикалық кеңестер, сондай-ақ кейстерді дайындау, оқыту жүргізу және тиімділікті бағалау кезінде ескеру қажет негізгі аспектілер болып табылады. Сонымен, кейс-әдісі цифрландырумен ұштастыра отырып, студенттердің табысты кәсіби іс-әрекетіне қажетті аналитикалық, сыни, әлеуметтік және көшбасшылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін тиімді оқыту әдісі болып табылады.

Автор өмірбаяндары

  • Әбіл Ақмарал Сатыбайқызы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

    педагогика магистрі, Педагогика, психология және бастауыш білім кафедрасының аға оқытушысы

  • Мұхамбетжанова Ботагоз Булековна, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

    педагогика ғылымдарының магистрі, Педагогика, психология және бастауыш білім кафедрасының оқытушысы

  • Айтмагамбетова Шынар Кунтуаровна , Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

    педагогика магистрі, Педагогика, психология және бастауыш білім кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-01-10

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар