АБЕРДИН-АНГУС ӨНДІРУШІ-БҰҚАЛАРДЫ ҰРПАҚ САПАСЫ БОЙЫНША БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Мукашева Гаухар А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Айтжанова Индира Нурлановна А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_63

Кілт сөздер:

абердин-ангус тұқымы, өндіруші-бұқа, тірілей салмақ, селекция

Аңдатпа

Мақалада көрсетілген зерттеу жұмысы Қостанай облысы, Арқалық қаласы Матросов ауылында орналасқан ЖШС «Нұр-Жайлау НС» асыл тұқымды мал шаруашылығында 2022 жылы өткізілген. Жұмыс мақсаты – шаруашылықтағы абердин-ангус тұқымының өндіруші бұқаларын ұрпақ сапасы бойынша бағалау. Сынаққа абердин-ангус тұқымының келесі өндіруші- бұқалары алынған: AAA 17320042, AAA 18240588, AAA 17264322, AAA 16448662, AAA 18434747, AAA 18858269. Сынаққа 6 өндіруші бұқа қатысқан, және әрқайсысынан n=10 бастан болатын бұқашықтар тобы құрастырылған. Жұмыс мақсатына сәйкес көрсетілген өндіруші-бұқалардан тараған ұрпақтары­ның тірілей салмағы өлшеніп, орташа тәуліктік өсімі, жұмсалған азық мөлшерімен, еттілік индекстері есептелген. Алынған сандық мәліметтер биометриялық статистикалық өңдеуден өткізілген.

Зерттеу әдіснамасы ретінде, өндіруші бұқаларды өз өнімділігі және ұрпақ сапасы бойынша сынау ВИЖ, ВНИИМС және етті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымдылығын бағалау нұсқаулығы бойынша жүргізілген.

Сынақ нәтижесі бойынша «жақсартушы» деген асылтұқымды категорияны AAA 17264322, AAA 16448662, AAA 18434747 өндіруші-бұқалары иеленді, және, сәйкесінше, зерттелген асылт­қымды құндылықтары бойынша 102, 100, 105 кешенді индекске тең болды. Өндіруші-бұқаларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау кезінде алынған нәтижелердің сараптамасы селекциялық көрсет­кіштердің тұрақтылығын және олардың мақсатты асыл тұқымды жұмыс үшін пайдалануға болатынын көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Мукашева Гаухар, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы білім беру бағдарламасының 2 оқу жылы магистранты

  • Айтжанова Индира Нурлановна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    PhD докторы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессордың м.а.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-02-14

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары