ШЕТЕЛДІК ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_158Кілт сөздер:
зерттеушілік құзіреттілік, , мұғалім, халықаралық зерттеу, рейтингтік әдіс, сауалдама жасауАңдатпа
Мақалада әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарының отандық және шетелдік мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктерінің маңыздылығы талқыланады. Осы мақаланың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін зерттеушілік құзыреттіліктерінің қажеттілігін талдау және маңыздылығын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін заманауи әдебиеттердегі мәселені қарастыру және сауалнамаларды талдау. Жұмыста білім, білік және дағды деңгейлеріне қойылатын талаптарды анықтайтын, ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы мәселелерді шешу қажеттілігін көрсететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты қарастырылған. Зерттеудің авторлары әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдары мұғалімдерінің сауалнамаларына талдау жасап, ұсынылған жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді саралау нәтижелерін көрсетті. Авторлар мұғалімдердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне қызығушылығын анықтау үшін ашық және жабық сауалнамалар арқылы зерттеу жүргізді. Статистикалық мәліметтерді өңдеу үшін SPSS Statistics бағдарламалық құралы пайдаланылды. Нәтижелердің дұрыстығын анықтау үшін Кронбах альфасы қолданылды, ол сауалнама тармақтарының сәйкестігін және жауаптардың сәйкестігін көрсетті. Зерттеушілер отандық және шетелдік мұғалімдердің жауаптарына салыстырмалы талдау жасады. Оқыту тәжірибесінде мұғалімдердің ғылыми педагогикалық іс-әрекетін жүзеге асырып, мұғалімнің функцияларының өзгеруіне әкелетіні он жеті ел мұғалімдерінің сауалнама деректерінен көрінетіні белгілі болды. Олар ғылыми-зерттеу қызметіне 100% қызығушылық танытты, оқытушылардың 70,6% жоғары оқу орнында оқу үдерісі ғылыми қызметкер ретінде мамандық таңдауға ықпал ететініне сенімді.