АУЫЛ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДА БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН ОҚУ- ТӘЖИРИБИЕЛІК ОРНЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_198Кілт сөздер:
мектеп жанындағы учаске, тәжірибелік жұмыс, білім беру бағдарламасы, биологиялық-экологиялық білім, оқу-тәжірибелік учаске, эксперименттік алаң, педагогикалық құзыреттілік, зерттеу жұмысы, жазғы практикаАңдатпа
Оқу-тәжірибелік учаскесі шығармашылық, жобалық қызметті, тұрақты бақылау, эксперимент және шығармашылық жобаларды жүзеге асыру жолымен оқушылардың тұлғасын дамытуға мүмкіндік беретін мектептің бөлігі болып табылады.
Қазіргі заманғы мектеп оқушыларын қоғамда өз бетінше өмір сүруге дайындаған жөн, эксперименттік және жобалық қызметпен айналыса отырып, білім алушылар қызметті жоспарлау және жүзеге асыруға өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттері туралы түсінік алады. Яғни мектептің оқу-практикалық алаңы ағымдағы кезеңде оқушылар эксперименттік жұмыс жүргізу үшін максималды түрде қайта құрылуы тиіс.
Мектеп аумағындағы оқу-тәжірібиелік – эксперементтік жұмыс биология және жаратылстану пәндерінен оқушылардың оқыту сапасын арттыруда манызды рөл атқарады, балаларда түрлі танымдық қызығушылықты оятады және дамытады Ол өзінің білімдерін өздігінең іздеу және жинақтауға оқушыларды оқыту құралы қызметін атқарады, оларды адами тәжірибеде ғылымды қолдану әдістерімен таныстырады, прақтиқалық дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді, ауыл шаруашылығына ісінің ғылыми негіздерімен таныстырады, ауыл шаруашылығына қызығушылықты арттырады. Зерттеу дағдыларынан басқа, оқушылар оқулықпен, ғылыми- танымал және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын игереді. Бұл жерде жаңа білімді іздеу тапсырмаларыны ерекше орын алады, олардың материалдары мен нәтижелері тек сабақтарда ғана емес, сонымен қатар биология бойынша сыныптан тыс жұмыстарда да қолданылады.