ҚР КӘСІПКЕРЛІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР МЕН БОЛЖАМДАР

Авторлар

  • Аубакирова Салтанат Советовна «Торайғыров университеті» КЕАҚ
  • Кожамжарова Майра Жанайдаровна «Торайғыров университеті» КЕАҚ
  • Артыкбаева Гульжан Туруспеккызы «Торайғыров университеті» КЕАҚ
  • Наурызбаева Эльмира Кенжегалиевна «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_119

Кілт сөздер:

Университет 3.0, инновациялық және кәсіпкерлік экожүйе, кәсіпкерлік ЖОО, майнор, кәсіпкерлік қызмет, кәсіпкерлік ЖОО зерттеу

Аңдатпа

Мақала ұйымдардың табыстылық деңгейін және Қазақстанның кәсіпкерлік университет­терін дамыту стратегияларын іске асыруды зерттеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі Универ­ситеттің 3.0 моделіне көшуге және жоғары білім саласындағы осыған сәйкес жаңалықтарға байланысты. Зерттеудің мақсаты кәсіпкерлік университеттердің қызметін талдау негізінде олардың даму болжамдарын жасау. Зерттеу әдістемесі қазақстандық ғалымдардың кәсіпкерлік жоғары оқу орындарын дамыту, олардың стратегияларын іске асыру мысалдары бойынша зерт­теулерін талдау нәтижелеріне, сондай-ақ Астана, Алматы және Павлодар қалаларындағы кәсіпкерлік жоғары оқу орындарының студенттері мен ПОҚ пікірлерін зерделеудің практикалық тәжірибесіне негізделеді.

Жүргізілген зерттеудің құндылығы қазақстандық кәсіпкерлік жоғары оқу орындарының тәжірибесін теориялық және практикалық зерттеу нәтижелерін талдау және жалпылау, олардың даму болжамдарын жасау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының даму перспективаларын жақсарту бойынша ұсыныстар болып табылады. Зерттеу нәтижелері кәсіпкерлік жоғары оқу орындарының стратегияларын іске асыруда және жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік бағытты дамытудың жалпы тұжырымдамасын жасауда қолданылуы мүмкін. Мақалада қарастырылған тұжырымдар 2.0 университеттерінен 3.0 университеттеріне көшу тетіктерін анықтау мақсатында дереккөз­дерді жинау, жүйелеу және талдау жұмыстарының нәтижелеріне негізделеді.

Автор өмірбаяндары

  • Аубакирова Салтанат Советовна, «Торайғыров университеті» КЕАҚ

    PhD докторы, «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент)

  • Кожамжарова Майра Жанайдаровна, «Торайғыров университеті» КЕАҚ

    философия ғылымдарының кандидаты, «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор (доцент)

  • Артыкбаева Гульжан Туруспеккызы, «Торайғыров университеті» КЕАҚ

    философия ғылымдарының кандидаты,  «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор (доцент)

  • Наурызбаева Эльмира Кенжегалиевна, «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, академиялық жұмыс басқармасының басшысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-11-27

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар