ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПӘНДІК-ТІЛДІК КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_149

Кілт сөздер:

өмір бойы білім беру, пәндік-тілді кіріктірілген оқыту (CLIL), көптілді саясат, қос тілді білім беру, модель

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім беру жағдайында пәндік-тілдік кірікті-рілген оқытудың ерекшеліктері ашылған. Бұл тәсіл көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының білім беру саясатында зерттеліп, белсенді түрде енгізілуде, сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру жағдайында CLIL саясатын тарату ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Міндеттері: шет тілінде пәнді оқытудың шетелдік және отандық лингводидактикасында CLIL анықтамасының қолданылуын зерттеу және талдау; әртүрлі сала мамандарының шет тілінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын әртүрлі теориялық және болжамдық модельдер мен CLIL сабақ жоспарларын қолдануды талдау; Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім беру жағдайында CLIL енгізудің негізгі артықшылықтары мен мәселелерін анықтай отырып, жоғары оқу орындарында және білім беру ұйымдарында пәндік-тілді кіріктірілген оқытуды (CLIL) қолдану нәтижелерін көрсету. Шетел тілінде белсенді сөйлейтін CLIL маманының кәсіби даярлығының көрсеткіштері және үштілділік пен жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында CLIL әдістемесі берілген. CLIL мұғалімдерінің оқу тілі мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда тілдік және әдістемелік дайындығын біріктірудің маңыздылығы айқындалды.
Мақалада ұсынылған қазақстандық жұмыстардың тізімі осы тәсілді біздің елімізде енгізудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Мақала авторлары көптілді білім беру жүйесінде пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) белсенді қолданылатын жаңа парадигма туралы идеяларды жинақтап қана қоймай, сонымен қатар лингводидактикада нақты шешімін таппаған кейбір маңызды сипаттарды талқылауға тырысты. Сауалнама нәтижелері білім беру үдерісінде CLIL тәсілін енгізудің тұтас көрінісін анықтауға және оны енгізуде кездесетін проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді.

Автор өмірбаяндары

  • Абдрахман Гүльнар Қабылқалымқызы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    Филология ғылымдарының кандидаты, орыс тілі және әдебиет кафедрасының профессоры

  • Исабекова Гульнур Болатбековна, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    PhD докторы, әлем тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-10-18

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар