МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 21 ҒАСЫРЛЫҚ ОЙЛАУ дағдыларын ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_270Кілт сөздер:
ойлау қабілеттері, математикалық сауаттылық, практикаға бағытталған есептер, оқытудың когнитивтік әдісі, оқытудың белсенді әдісі, математикалық пайымдауАңдатпа
Ұсынылған мақалада эксперименттік деректер нәтижелері негізінде: PISA-2021 бағдарламасының тұжырымдамасы контекстінде практикаға бағытталған есептердің тапсырмаларын құрастыруда; практикаға бағытталған есептерді шешу алгоритмі мен ХХІ ғасырдағы ойлау дағдылары арасындағы сәйкестікті орнатуда мұғалімдердің ең көп қиындықтарға тап болғаны анықталды. Ғылыми еңбектерді мазмұнды және салыстырмалы талдау мектеп оқушыларына 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған оқу есептерін құрастырудың әдістемелік базасының жеткіліксіздігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Бұл мәселені шешу үшін мақалада оқытудың когнитивтік және белсенді әрекет әдістері, берілген есептерді PISA емтихан тапсырмалары контекстінде бағалау-оқыту тапсырмаларына келтіру әдісі қарастырылды. Мұғалімдердің есептерді шешу кезеңдерінің мектеп оқушыларының математикалық ойлау қабілеттерін дамытуға әсерін анықтау мәселелері қарастырылды. Жұмыста математиканы оқытудың когнитивтік және белсенді әрекет әдістерін мектеп оқушыларының ойлау қабілетін дамытуының үлгі мысалдары мұғалімдердің пайдалануына болатындай келтірілді. Оқытудың бұл тәсілі проблемалық есептерді құруды, тапсырмаларды өз бетінше шешуді, қойылған есеп шешімінің интерпретациялауын қамтиды. Проблемалық есептердіің тапсырмаларын құрудың ұсынылған тәсілін Қазақстан Республикасында жаңа буын оқулықтарын дайындауда тиімді пайдалануға болады.