ҚҰТЫРУДЫҢ ЭПИЗОТИКАЛЫҚ ПРОЦЕССІНЕ ТАБИҒАТТЫҚ-КЛИМАТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
Кілт сөздер:
құтыру,, эпизоотикалық процесс, климаттық жағдайлар, температура,, жауын-шашынАңдатпа
Мақалада республикадағы 2008-2019 жылдар аралығындағы заманауи құтыру эпизоотиялық
жағдайы көрсетілген. Қазіргі климаттық өзгерістер аясында құтыру эпизоотиялық жағдайының
даму динамикасы қарастырылған. Белгілі бір жылдардағы құтырудың қолайсыз нүктелерінің саны
мен орташа жылдық температура арасында корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізілді.
Қарастырылған көрсеткіштер арасындағы оң және теріс корреляциялық тәуелділік анықталды.
Осы тәуелділікті зерттеу барысында құтыру ауруының көрінуіне және таралуына температу-
раның тек оң емес, сонымен қатар теріс белгілерінің де әсері анықталды. Белгілі бір жылдардағы
құтыру эпизоотиялық процесінің жетекші көрсеткіштеріне ауа райының аномальды жағдайла-
рының, атап айтқанда, жоғары және төменгі орташа температураның әсерінің рөлі атап
көрсетіліп, сипатталған. Климаттың өзгеруі кезінде аурудың көрінуінің кейбір аумақтық және
маусымдық ерекшеліктері талданды. Жылдық орташа температураның 1-2 ℃ жоғарылауымен
құтыру жағдайларының сәйкесінше өсуі орын алатындығы анықталды, ал қолайсыз климаттық
жағдайлармен, төмен және әдеттен тыс төмен температуралармен көрсетілген жылдары құты-
рудың тіркелуі төмендейді. Анықталған тәуелділіктің қисынды түсіндірмесін беруге тырысады.
Түйінді сөздер: құтыру, эпизоотикалық процесс, климаттық жағдайлар, температура,
жауын-шашын.