СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАЛА АЙМАҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ СУАРМАЛЫҚ ДƏСІЛДЕРДІ СУАРУ НОРМАЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ

Авторлар

  • Муханов Нұрболат Каиырболдыұлы «А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
  • Стыбаев Ғани Жасымбекұлы «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ
  • Жарлыгасов Жеңіс Бахытбекұлы «А.Байтурсынов атындағы Қостанай аймақты университеті» ЖШС
  • Байтеленова Алия Аскеровна «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_148

Кілт сөздер:

суару, мал азықтық дақылдар, суару нормасы, экологияландыру, өнімділік

Аңдатпа

Мақалада Солтүстік Қазақстанның суармалы жерлерінде малазықтық жемшөп дақылда­рының агрофитоценоздарын өсіруде жаңбырлатқыш машиналарды таңдау және қолдану жөніндегі зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Солтүстік Қазақстан үшін жаңбырлатқыш машинаны бағалау және таңдау су мен энергияның төмен сыйымдылығы, топырақтың шайылуы­ның аз неме­се қауіпсіз көлемі бойынша бұрын зерттелген теориялық мәліметтер негізінде жүргізілді. Зерт­теу нысандары біржылдық, шабындық малазықтық дақылдар болды, та­наптық тәжірибеде аймақтың топырағына тән танаптық және зертханалық тәжірибелерді салуда бірыңғай айырма­шылықты сақтау принциптеріне негізделген классикалық әдістер қолда­нылды, теориялық көрсеткіштерді талдау арқылы жаңбырлату машинасын таңдау болды. Талдау көрсеткендей, эрозияға рұқсат етілген суару нормасы есептеу кезінде топырақтың болжамды ылғалдылығы ескерілмейді, бұл топырақтың болжамды ылғалдылығының жоғары шектерінде (70% ЕТСС және одан жоғары) топырақтың шайылуы мен эрозия қаупін тудырады, сәйкесінше эрозияға рұқсат етілген суару нормасы көрсеткіштері есептелген «ValleyFP565» жаңбырлатқыш машинасын қолдану топырақтың шайылуын тудырмайды, ол өз кезегінде топырақ эрозиясы және суару нормасының ұтымсыз өсуін болдырмайды. Вегетациялық кезеңі 56 күнді құрайтын қыша мен сұлының аралас егісін себу үшін 1096 м3/га суару нормасымен 4 рет суару қажет болды. Суару кезінде қыша мен сұлы дақылдарының аралас егісінің жалпы су тұтынуы 1638 м3/га құрады, бұл ретте жалпы су тұтынудағы суару нормасының үлесі 61,5% құрады.

Автор өмірбаяндары

  • Муханов Нұрболат Каиырболдыұлы, «А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

    философия докторы (PhD), зертхана меңгерушісі

  • Стыбаев Ғани Жасымбекұлы, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ

    ауылшаруашылық ғалымдарының кандидаты, егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының профессоры

  • Жарлыгасов Жеңіс Бахытбекұлы, «А.Байтурсынов атындағы Қостанай аймақты университеті» ЖШС

    ауылшаруашылық ғалымдарының кандидаты, қауым­дастырылған профессор, зерттеу, инновация және цифрландыру бойынша проректоры 

  • Байтеленова Алия Аскеровна, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ

    ауылшаруашылық ғалымдарының кандидаты, егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-02-14

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары