ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БОЛЖАУ ("ТЕХНИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ КИБЕРПЕДАГОГИКА" ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_296Кілт сөздер:
педагогикалық болжау, техникалық шығармашылық, инновациялық білім беру бағдарламасы, жалпы педагогикалық құзыреттер, кәсіби құзыреттерАңдатпа
Мақалада педагогика ғылымдары саласындағы болашақ педагогтің "Техникалық модельдеу және киберпедагогика" инновациялық білім беру бағдарламасы негізінде "Көркем еңбек" білім беру бағдарламалары (ББ) тобының жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтерін даярлау бағыттарының негізгі құзыреттіліктері қарастырылады. Зерттеу төрт кезеңнің біріктірілуімен ұсынылған (зерттеу мәселесі бойынша жарияланымдарды теориялық талдау; техникалық білім беру бағыты бойынша қолданыстағы ББ-ны салыстырмалы-салғастырмалы талдау; осы зерттеуге қатысушылар-стейкхолдерлер арасында Google forms форматында сауалнаманы әзірлеудің, пилоттаудың және таратудың эмпирикалық кезеңі; алынған сауалнама деректерін талдау мен оларға түсінік берудің аналитикалық-синтетикалық кезеңі, ББ негізгі құзыреттіліктерін бөліп көрсету, қорытындылар мен зерттеу перспективаларын тұжырымдау). Талдау негізінде "Көркем еңбек" білім беру бағдарламалары тобының жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтерін даярлаудың зерттелетін бағытының ББ бойынша 38 мәтін талданды; ББ мазмұнын салыстырудың үш критерийі анықталды (техникалық білім беру, киберпедагогика және қосымша техникалық білім беру салалары). Әзірленіп жатқан ББ шеңберінде стейкхолдерлер "Техникалық модельдеу және киберпедагогика" инновациялық ББ бойынша (А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті) 6 жалпы педагогикалық құзыреттілік пен 10 кәсіби құзыреттілікті белгілеп, талдап, саралады.