СТУДЕНТТЕРГЕ ОҚУ ҮДЕРІСІ БАРЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-КЛИМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІН МЕҢГЕРТУ

Авторлар

  • Мамадияров Марат Дуйсенович Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы Университеті https://orcid.org/0009-0007-0809-4004
  • Әбдімүтәліп Нұрлыбек Әбдімүтәліпұлы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0003-1173-4344
  • Курбаниязов Сакен Көптілеуұлы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0002-0875-2771
  • Шалабаева Гүлшат Сағындыққызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0003-3605-4708

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_4_122

Кілт сөздер:

оқыту үдерісі,, инновация,, зерттеу,, әдіс,, жоба,, климатология,, экологиялық фактор.

Аңдатпа

Бұл мақалада 6В01514-География білім беру бағдарламасының төртінші  курс студенттерінің оқу үдерісі барысында Сокол-1М кішігірім метеостанцияның көмегімен жергілікті климатологиялық ерекшеліктерді және экологиялық факторларды талдай отырып, жоба жасау әдісі арқылы қажетті құзыреттер мен дағдыларды меңгергендігі туралы зерттеу жұмыстары келтірілген.Жұмыстың мақсаты-оқу үдерісі барысында білім алушылардың ақыл-ой дағдыларын дамыту барысында талдау, синтездеу, жалпылау, негізгі мәселені бөліп көрсету, салыстыруды үйрету және зерттелетін аймақтың экологиялық-климатологиялық факторларының ерекшеліктері мен негізгі белгілері туралы түсініктер мен білімдерді қалыптастыру болып табылады.Осылайша, курстың бағдарламасын анықтайтын доцент немесе профессор-оқытушы орталық рөл атқаратын дәстүрлі оқыту тұжырымдамасы ең алдымен студенттерге және практикалық дағдыларды үйретуге бағытталған тұжырымдамамен алмастырылады.Тақырыпты зерделеудің соңында білімгерлер кез келген территорияның климаттық ерекшеліктер жобасын ұсынып, осы тақырып бойынша оқу тәжірибесі барысында алған білімдеріне сүйене отырып, өз әзірлемелерін негіздей алды. Жобалау әдісінің маңыздылығын талдау барысында студенттердің жобалық жұмысы танымдық іс-әрекетін белсендіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, дербестігін дамытуға, зерттеушілік қабілетін және тұлғалық жеке қасиеттерін арттыруға ықпал етеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Автор өмірбаяндары

  • Мамадияров Марат Дуйсенович, Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы Университеті

    география ғылымдарының кандидаты, доценті

  • Әбдімүтәліп Нұрлыбек Әбдімүтәліпұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    PhD, Экология және химия кафедрасының доценті

  • Курбаниязов Сакен Көптілеуұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Экология және химия кафедрасының аға оқытушысы

  • Шалабаева Гүлшат Сағындыққызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    техника ғылымдарының кандидаты, Экология және химия кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар