БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БАЛАЛАРДЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_2_112Кілт сөздер:
болашақ бастауыш сынып мұғалімдері, бастауыш сынып, интеллект, интеллектуалды даму, интеллектуалды дамыту жұмысыАңдатпа
Бұл мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімінің балаларды интеллектуалды дамыту жұмыстарына дайындаудың теориялық негіздемесі мен әдістемелік бағыты қарастырылған. Ж.Пиаже, К.Дункер, В.Келер, Г.А.Берулова ғалымдарының балалардың интеллектуалды қабілеттерін қалыптастыру мен дамытудың ғылыми-теориялық негіздемелері талқыланды. Баланың ақыл-ой қабілеттерін дамыту оның интеллектуалды және ойлау қабілеттерін дамытумен тығыз байланысы.
Көптеген ғалымдардың ұсыныстары мен тұжырымдарын зерттей отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің балаларды интеллектуалды дамыту жұмыстарына дайындығын қалыптастырудың әдістемелік бағыты жасалынды. Кәсіби өзін-өзі тану, болашақ мұғалімнің ұстанымы, объективті өзін-өзі бағалаудың болуы, балалардың интеллектуалды дамуы бойынша жұмысқа қызығушылықтың болуы, олармен жұмыс істеуге деген ұмтылыс, болашақ мұғалімдерде міндеттердің мәнін, мазмұнын, формалары мен әдістерін дұрыс түсінуге байланысты жеткілікті теориялық және әдіснамалық білімнің болуы жатады. Сонымен қатар, оқушылармен жұмыс, оның ішінде балалардың интеллектуалды дамуының қабілеттерін, деңгейін диагностикалау әдістерін білу, балалардың жеке қасиеттерін ескере отырып, олардың интеллектуалды дамуы бойынша жұмыс формаларын, әдістері мен алгоритмдерін білу және оларды нақты жағдайларға сәйкес қолдана білуден тұрады.