ӘРТҮРЛІ ТӘСІЛДЕРМЕН СУҒАРУ КЕЗІНДЕГІ БҰРЫШ ЖӘНЕ БАКЛАЖАН ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КОЭФФИЦИЕНТІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_37Кілт сөздер:
баклажан, бұрыш, жүйектеп суғару, су пайдалану коэффициенті, тамшылатып суғару, өнімділікАңдатпа
Ғылыми мақалада әртүрлі тәсілдермен суғару кезіндегі бұрыш және баклажан дақылдарының су пайдалану коэффициентін зерттеу нәтижелері келтірілген. Ауылшаруашылығының суғармалы егіншілігі суғармалы суды жоғары мөлшерде тұтынады. Ауылшаруашылық дақылдарына берілетін суды үнемдеу мақсатында тиімді суғару тәсілдерімен техникалары қолданылады. Дақылдардың су пайдалануы әртүрлі болып келеді және ол түрлі көрсеткіштерге байланысты болады. Ғылыми-зерттеу жұмысына алынған бұрыш және баклажан дақылдары жиі өсірілетін дақылдар қатарына жатады. Соңғы жылдары аталған дақылдар ашық танапта және жылыжайда тамшылатып суғарылып келеді. Зерттеу жұмысында бұрыш және баклажан дақылдары ашық танапта көшет арқылы өсірілді және олар жүйектеп, тамшылатып суғарылды. Көкөніс дақылдарының су пайдалану коэффицентін анықтау алдында олардың жалпы су пайдалануы мен орташа тәуліктік су пайдалануылары анықталды. Бұрыш және баклажан дақылдарының жалпы су пайдалануы мен орташа тәуліктік су пайдалануы тамшылатып суғару нұсқасында төмен болды. Көкөніс дақылдарының өсімдік биіктігі тамшылатып суғару нұсқасында +4+5см-ге жоғары болғандығы анықталды. Жүйектеп суғару нұсқасында көкөніс дақылдарының су пайдалану коэффициенті бұрышта 40м3/ц болса, баклажанда 21м3/ц болды, тамшылатып суғару нұсқасында бұл көрсеткіш бұрышта 20,8м3/ц, баклажанда 11,2м3/ц. Тамшытап суғару нұсқасында дақылдардың су пайдалану коэффициенті 9,8-19м3/ц (47-52%) төмен болғандығы анықталды.