ЖОО-НЫҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/RWEP2522100Кілт сөздер:
диагностика, болашақ физика мұғалімі, зерттеушілік іс-әрекет, зерттеушілік құзыреттіліктер, құзыреттілік қалыптастыру, физиканы оқыту әдістеріАңдатпа
Мақалада физика студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындау бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері берілген. Онда болашақ мұғалімдердің жоғары оқу орнында оқу процесінде зерттеушілік дағдыларын дамытудың кезеңдік жоспары қарастырылған. Мақалада математикалық статистика әдістерімен өңделген эмпирикалық деректердің үлкен көлемі қамтылған. Зерттеу тақырыбының өзектілігі – болашақ мұғалімдердің зерттеушілік қабілеттерін дамыту, оларды мектеп оқушыларымен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға дайындау мәселесі. Бұл болашақ мұғалімнің зерттеушілік дағдыларын қалыптастырмай мүмкін емес, себебі олар оның кәсіби деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Мұғалім ең алдымен оқушылардың жобалық-зерттеу қызметін басқара білуі керек және зерттеу қызметінің жалпы заңдылықтарын меңгеруі қажет. Болашақ мұғалімдердің зерттеушілік дағдыларын дамытудың негізгі белгілері, біздің ойымызша, оқу жағдаяттарын бағдарлай білу болуы керек; зерттеу жоспарын құру; шығармашылық сабақты және үйдегі зерттеу тапсырмаларын ұйымдастыру және өткізу; оқушылардың физика пәнінен білім деңгейін арттыру және зерттеушілік дағдыларын дамыту. Бұл жай ғана білімді меңгеру емес, өз бетінше оқу мақсаттарын қою, оны жүзеге асыру жолдарын жобалау, өз жетістіктерін бақылау және бағалау, қорытынды жасау және нәтижелерді талдау дағдыларын дамыту. Зерттеу Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің базасында жүргізілді.