АДАМ МЕКЕБАЕВТЫҢ «АСПАН АСТЫ, ЖЕР ҮСТІНДЕГІ ЗҰЛМАТ» РОМАНЫНЫҢ КЕЙБІР ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кілт сөздер:
ұжымдастыру, тәркілеу, кедейлену, аштық, балалар, өлімАңдатпа
Адам Мекебаев - батыл және объективті азаматтық позициясымен ерекшеленетін
жазушы. Ол ХХ ғасырдың 30-жылдарында Қазақстандағы аштық мәселесін алғашқылардың бірі
болып қозғады, сол кезде бұл қайғылы оқиға туралы жазуға ғана емес, оны жай ғана еске салуға
тыйым салынды. Өкінішке орай, Мекебаевтың шығармаларының көпшілігі өзге ұлт оқырмандарына
беймәлім. Тек бірнеше әңгімелері 1985 жылы орыс тіліне аударылды.
Мақаланың мақсаты - автордың көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ халқының апатты
трагедиясына - миллиондаған адамдардың өлімге - соқтырған зорлықпен ұжымдастыруды
(коллективизацияны), малды тәркілеуді (конфискацияны), кедейлендіру – жалпы сол кездегі елдегі
сұрапыл жағдайды суреттеу үшін қолданған кейбір тілдік ерекшеліктерді көрсету.
Бастапқыда роман жай ғана, әдеттегі, астарсыз «Құпия қойма» деген атаумен жарық
көрді. 2015 жылғы басылымда «Аспан асты, жер үстіндегі зұлмат» деген романының атауы
авторлық мәтіннің мазмұнымен көбірек сәйкес келеді. «Зулмат» деген сөздің мағынасы «табиғи
апат», мағынасы жағынан жақын «зұлымдық» деген сөз «жауыздық әрекет жасау» дегенді
білдіреді.
Қазақстанда отызыншы жылдардың басында болған оқиға қазақтарға жасалған нағыз
жауыздық болды. Осы аңдатпаланып отырған мақалада 30-жылдардағы тарихи жағдайға
байланысты, қазақтың ұлттық менталитетінің өзіндік ерекшелігі көрсететін тек кейбір
лингвистикалық ерекшеліктер - жеке ұлттық сөздер, фразеологиялық бірліктер, қос сөздер,
лексикалық стилистикалық құралдар талданылды.
Романнан келтірілген дәйексөздер және қазақ тіліндегі жеке сөздер кириллица мен латын
тілдерінде берілген.
Түйінді сөздер: ұжымдастыру, тәркілеу, кедейлену, аштық, балалар, өлім.