"EURASIA FARM INNOVATIONS" ҒӨО ЖШС ДӘЛМЕ-ДӘЛ ЕГІНШІЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_26Кілт сөздер:
параллельді жүргізу, ұшқышсыз ұшу аппараты, ластану, топырақтың агрохимиялық талдауы, экспресс әдісіАңдатпа
2023 жылы ауданы 11 мың га "Eurasia Farm Innovations" ғылыми-өндірістік орталығының алаңдарында дәлме-дәл егіншілік технологиясын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл мақалада № 97 өрісте жүргізілген зерттеулер мысал бола алады. Егіс алдында топырақтың бастапқы күйін бағалау үшін егістіктерде stenon Farm Lab құралымен топырақты агрохимиялық экспресс талдау арқылы минералды қоректенудің негізгі элементтері анықталды: минералды азот (Nmin) және нитратты азот (NO3), жылжымалы фосфор (P2 O5), 0-20 см қабатындағы органикалық заттардың мөлшері, топырақ ерітіндісінің рН. Топырақтағы жылжымалы фосфордың құрамына сәйкес, № 97 өріс учаскелерінің тек 8% - средний орташа қамтамасыз ету деңгейі (P2 O5), қалған 92% - обеспеч қамтамасыз ету деңгейі төмен болғанын атап өткен жөн. Органикалық заттардың құрамы бойынша топырақтар төмен және орташа қамтамасыз етілу дәрежесіне ие болды (2-6%). Барлық топырақ үлгілерінде орташа сілтілі топырақ ерітіндісі реакциясы болды (7,3-8,5). Агрохимиялық зерттеу деректері бойынша аммофос дозасы 40-121 кг/га есептелді, күзгі кезеңде тыңайтқыштарды саралап қолдану үшін тапсырма карталары жасалды. Сандық карталар Starfire 6000 спутниктік қабылдағышымен және John Deere операция орталығымен, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары мен Taranis платформасымен өрістердің бітелу карталары жасалды.