ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_293Кілт сөздер:
жаратылыстану-ғылыми функционалдық сауаттылық, шағын жинақты мектеп, педагогикалық жағдайлар, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі, білім беру технологияларыАңдатпа
Мақалада оқушылардың функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру үшін шағын жинақты мектеп жағдайын дағы педагогикалық процестің ерекшелік тері қаралды. Жаратылыстану-ғылыми функционалдық сауаттылық нақты жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдер мен қолдана алу қабілетіретінде айқындалған. Шағын жинақты мектептегі білім беру процесінің ерекшеліктері, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру процесінде мұғалімнің педагогикалық және пәндік құзыреттілігінің рөлі талданды. Қазіргі таңда негізгі мектепте оқушы оқу процесінің орталығына қойылған. Оқушының дамуы, оның мотивациялық саласын және тәуелсіз ойлау стилін қалыптастыруға аса назар аударылады, Жаратылыстану бағытындағы пәндердің сабақтарында және сабақтан тыс қызметте жасалған педагогикалық жағдайлардың функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыруға әсері анықталды. Педагогтардың кәсіби дайындығын, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ортасының педагогикалық жағдайларына қойылатын талаптар нақтыланады. Авторлар қазіргі кезеңде жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында шағын жинақты мектепте оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру үшін педагогикалық жағдайлардың өзекті мәселелерін анықтады. Сондай-ақ, тиімділік үшін жаратылыстану циклінің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру қажет шағын жинақталған мектептердің шарттары қарастырылды.