«ВЕРМИКУЛИТ» АЗЫҚТЫҚ ҚОСПАСЫН ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ БӨДЕНЕ ЖҰМЫРТҚАЛАРЫНЫҢ САПАСЫН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_4_3Кілт сөздер:
вермикулит, азықтық қоспа, бөдене, ветеринарлық-санитарлық бағалау, жұмыртқа, қауіпсіздік, сапаАңдатпа
Мақалада бөденелердің негізгі рационына «Вермикулит» азықтық қоспасын қолдану кезінде бөдене жұмыртқаларының сапасын ветеринариялық-санитариялық бағалау бойынша зерттеу нәтижелері берілген. Азықтық қоспа жергілікті қопсытылған вермикулит негізінде дайындалған. Тәжірибені жүргізу үшін әрқайсысында 35 бастан тұратын құстардың үш тобы құрылды және олар жекелеген торларда өсірілді. Бөденелердің бірінші (бақылау) тобының негізгі азығына азықтық қоспа қосылмады. Екінші және үшінші топтағы құстардың негізгі рациондарына вермикулит сәйкесінше 3% және 5% мөлшерінде қосылды.
«Вермикулит» азықтық қоспасы қолданылған бөденелер жұмыртқаларының сапасын ветеринариялық-санитариялық бағалау және олардың морфометриялық көрсеткіштері бойынша алынған нәтижелер нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні анықталды. Бақылау тобымен салыстырғанда тәжірибелі топтардың жұмыртқаларының салмағы орта есеппен 5,5% - ға көп болды. Сондай-ақ, үшінші топтағы жұмыртқалардың қабығының қалыңдығының орташа көрсеткіші бақылау тобымен салыстырғанда 30,7%-ға жоғары болды.
Минералды құрамы бойынша тәжірибелік топтардағы жұмыртқа құрамындағы кальцийдің концентрациясы бақылау тобымен салыстырғанда орта есеппен 3,5% - ға және темір 18,2% - ға жоғары болды. Жалпы, «Вермикулит» азықтық қоспасы бөдене жұмыртқаларының жалпы минералды құрамына оң әсер етті.