ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖОБАҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУДЫҢLEGO EV3 МЕН SPIKE PRIME ИНТЕГРАЦИЯСЫАКТИКАСЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/RWEP252259Кілт сөздер:
Қолжетімді орта, жобаға бағыттап оқыту, цифрлық сауаттылық, робототехника, LEGO EV3, SPIKE PRIMEАңдатпа
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты инклюзивті білім беру тәжірибесінде оқу әдістемелерін жаңарту қажеттілігі өзекті болып отыр. Бұл зерттеу инклюзивті білім беру аясында LEGO EV3 және SPIKE PRIME робототехника конструкторларын қолданып, интеграциялау арқылы жобаға бағыттап оқыту әдісін жетілдіруге және оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда, бағдарламалық құралдар арқылы ерекше балалардың есептеу, ойлау дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Зерттеу барысында «Инклюзивті топта робототехниканы жобаға бағыттап оқыту» цифрлық білім беру ортасы әзірленіп, Астана қаласындағы №87 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары арасында оқу үрдісінде енгізілді. Платформада есептеу, логикалық ойлау, шығармашылық және практикалық дағдыларды дамытуға арналған бейімделген тапсырмалар жинақталған. Нәтижесінде, оқушылардың оқуға деген ынтасы, сабаққа қызығушылығы мен белсенділігі артты. LEGO EV3 және SPIKE PRIME негізінде әзірленген цифрлық білім беру ресурсы жобаға бағыттап оқыту әдісінің инклюзивті білім беру жүйесінде тиімді екенін көрсетті. Бұл ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың білімге қолжетімділігін ұйымдастырып және жобаға бағытталған оқытудың инклюзивті білім берудегі тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелденді. Зерттеудің әдіснамалық базасы жүйелік талдауды және әзіренген оқыту құралдарын эксперименттік сынақтан өткізуді қамтиды.