МЕДИАБІЛІМ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТҰҒЫР

Авторлар

  • Сейітказы Перизат Байтешқызы «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0001-8799-7699
  • Ырымбаева Нұргүл Алдажарқыз «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0003-1862-0462
  • Ушакбаева Камшат Рахымбердіқызы «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ
  • Абдиркенова Aкбидаш Капановна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_180

Кілт сөздер:

медиабілім, масс-медиа, медиабілім үдерісі, тұғыр, инновация, инновациялық тұғыр, ақпараттық құзыреттілік

Аңдатпа

Ұсынылып отырған жұмыста медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы инновациялық тұғырдың маңыздылығына шолу ақпараты берілген. Зерттеу жұмысы барысында әдебиеттерге салыстыра талдау, зерттеу аймағына қарай жүйелеу және авторлар тарапынан тұжырымдар жасалды. Мақалада медиабілімнің болашақ мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуындағы рөлі айқындалады. Медиабілім үдерісінде ақпараттық құзыреттілікті дамытудың бүгінгі күнгі қажеттілігі көретін, еститін, оқитын ақпаратты сыни талдауға және қабылдауға қабілетті болу, кәсіби қызметте қолданудың маңыздылығымен сипатталды. Авторлар оқытудың заманауи технологиялары мен әдістерін студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытуға ықпал ете отырып, медиабіліммен қалай тиімді қарым-қатынас жасай алатынын қарастырады. Қазіргі білім берудегі қолданылатын инновациялық технологиялар болашақ мамандардың сыни және шығармашылық ойлауын, топтық және жеке жобалармен жұмыс істеу мүмкіндігін, оқу пәнінің жеңіл және тартымды қабылдануын, мотивацияның артуына бағытталған. Мақалада педагогикалық инновациялардың дамуы мен теориялық-әдіснамалық негіздерін зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері бойынша принцип, заң, мүмкіндіктер, ерекшеліктер мен анықтамалары жүйеленіп, талданды. Сондай-ақ, мақала мәтінінде кездесетін кілттік сөздер мен сөз тіркестерінің анықтамалары қарастырылды. Медиабілім үдерісінде болашақ мамандардың ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы инновациялық тұғырдың рөлі, мүмкіндіктері мен тақырып аясындағы ұсынымдар қатары берілді.

Автор өмірбаяндары

  • Сейітказы Перизат Байтешқызы, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ

    педагогика ғылымдарының докторы, педагогика кафедрасының профессоры

  • Ырымбаева Нұргүл Алдажарқыз, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ

    «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының докторанты, педагогика кафедрасы

  • Ушакбаева Камшат Рахымбердіқызы, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ

    әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасының докторанты, педагогика кафедрасы

  • Абдиркенова Aкбидаш Капановна , Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоы, м.а.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-10-17

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар