ДАЛАЛЫҚ ПРАКТИКА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ (СОФИЯ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_94Кілт сөздер:
зерттеу дағдылары, зерттеу құзіреттіліктері, педагогикалық тәсілдер, далалық материал, анықтаушы каталог, гербарий, жергілікті жердің жоспары, сандық талдауАңдатпа
Мақалада Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің (Қазақстан) болашақ білім бакалаврларын және София қаласындағы (Болгария) Орман-техникалық университетінің экология және ландшафттық дизайн бакалаврларын даярлау барысында оқу (далалық) практикаларын іске асыру тәжірибесі қарастырылды. Қазақстандық және шетелдік авторлардың еңбектеріндегі педагогикалық тәсілдер, зерттеу дағдылары, зерттеу құзыреттіліктері қарастырылды. Студенттердің зерттеу дағдыларын дамытатын оқу процесі блоктарының бірі – оқу (далалық) практикасы. Оқу (далалық) практикасының мазмұны келесі міндеттер жүйесі ретінде құрастырылған: зерттеу жұмысының әдістерін және әдістемесін меңгеру; далалық және зертханалық жағдайларда зерттеу жүргізу әдістемесін меңгеру; табиғи объектілерді зерттеу және зерттеудің негізгі әдістерін қолдану (бақылау, сипаттау, химиялық эксперимент); зерттеу жұмысының нәтижелерін ұсыну дағдыларын меңгеру. Мақала материалдарында екі университеттің практика базаларының географиясы, оқу (далалық) практикасының әдістемелік нұсқаулықтары ұсынылған. Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуда оқу (далалық) практикасының рөлін анықтау үшін Google Forms платформасында онлайн сауалнама жүргізілді және оған қатысқан 119 респонденттердің нәтижелері талданды. Сауалнама нәтижелерінен білім алушылардың зерттеу дағдыларының дамуы жоғары курстарда курстық, жобалық, зерттеу, дипломдық жұмыстарын, практикалық тапсырмаларды орындау барысында жүзеге асырылатынын байқауға болады.