ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА КӘСІБИ ОҚЫТУШЫЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ ДАМЫТУ ҮШІН МАГИСТРАТУРАДАҒЫ САБАҚТАРДА ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_206Кілт сөздер:
белсенді оқыту, топтық жұмыс, мета-дағдылар, қарым-қатынас құралдары, құрдастарымен оқыту, мотивациялық диалог, педагогтің кәсіби құзыреттіліктеріАңдатпа
Мақалада ғылыми-педагогикалық бағытта магистранттарды дайындауда топтық жұмысты қолдану ерекшеліктері қарастырылған. Бұл тақырыпты жаңарту үшін мақалада магистратурада оқу кезінде топтық өзара әрекеттестіктің психологиялық-педагогикалық қолдауының әдістемелік аспектілерінің негіздемесі келтірілген. Теориялық тұрғыдан алғанда, жоғары білім беру жүйесіндегі магистратурада қолданылатын негізгі тәсілдер, магистранттарды дайындаудағы оқу үрдісінің ерекшеліктері, технологиялары мен белсенді оқыту әдістері, магистранттардың оқу іс-әрекетінде топтық жұмысты ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылды.
Мақалада педагогикалық пәндер арқылы магистранттарды оқытушылық тәжірибеге бағытталған тиімді оқыту мүмкіндіктерін анықтаудың теориялық және практикалық аспектілерін біріктіру мақсатында зерттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғылыми зерттеулерге шолу жасалған. Мақалада сабақтар барысында топтық жұмыстың мәні мен артықшылықтарының психологиялық-педагогикалық мүмкіндігі анықталған. Топтық жұмысты ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін эксперименттік бақылауға қатысушыларды диагностикалау және педагогикалық курстарды оқу кезінде бағдарлама бойынша тапсырмаларды орындау кезінде топтық іс-әрекеттер жасау, топтық бірлестік, топтық өзара әрекеттесуді анықтауға арналған педагогикалық байқау және сауалнама кірді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы магистранттарды болашақта оқытушылық қызметке дайындау үшін кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру үшін топтық жұмыстың мүмкіндіктерін негіздеудің заңдылығын растады.Тәжірибелік жұмыстар мен магистранттарды топтық өзара әрекеттестікке тарту негізінде топтық жұмыс алгоритмі бойынша ұсыныстар әзірленді. Магистранттардың топтық өзара әрекеттесуін арттыру үшін инновациялық әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолдану, ынтымақтастық әрекет жасау техникасы, топ ішінде диалог құру және магистранттардың инновациялық мінез-құлқын дамыту зерттелген.