ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНЕ CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_206

Кілт сөздер:

CLIL технологиясы, биология мұғалімі, кіріктірілген оқыту, 4Cs тұжырымдамасы, кәсіби құзыреттілік

Аңдатпа

Бұл зерттеу Қазақстандағы, оның ішінде Түркістан облысының мемлекеттік мектептерінде биологияны оқытуда мазмұн мен тілді интеграцияланған оқыту (CLIL) технологиясының тиімділігін талдауға арналған. Негізгі мақсаты – CLIL технологиясының мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға және оқыту сапасын арттыруға ықпалын анықтау. Зерттеу барысында сауалнама әдісі қолданылып, оған CLIL технологиясы бойынша арнайы дайындықтан өткен Түркістан облысының 32 мектеп мұғалімі қатысты. Сауалнама мұғалімдердің жұмыс орны, биологияны оқытудағы тәжірибесі, CLIL технологиясын қолдану ұзақтығы, ағылшын тілін меңгеру деңгейі, әдістемені қолдану барысында туындайтын мәселелер, оның артықшылықтары және кәсіби дамуға әсері сияқты аспектілерді қамтыды. Зерттеу нәтижелері CLIL технологиясын қолдану мұғалімдердің кәсіби өсуіне, оқыту сапасын жақсартуға және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға оң ықпал ететінін көрсетті. Сонымен бірге мұғалімдер бұл әдісті әрі қарай дамыту мен қолдануға мүдделі екенін көрсетті. Дегенмен, CLIL технологиясын Қазақстанның білім беру жүйесіне бейімдеу үшін қосымша зерттеулер қажет екені анықталды. Бұл зерттеу CLIL әдістемесінің әлеуетін ашып, оның тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа әдістемелік ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса,Қазақстандағы биология пәнін оқытуда CLIL технологиясын енгізудің артықшылықтары мен мүмкіндіктерін толыққанды зерделеуге үлес қосады.

Автор өмірбаяндары

  • Нартаева Малика Полатбековна, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    PhD докторант

  • Жылысбаева Аққоңыр Нұрділләқызы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    химия ғылымдарының кандидаты, химия кафедрасының доценті, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры

  • Семра Гювен, Гази университеті

    PhD, профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-01-10

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар