АҒАРТУШЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ОРЫНБАЕВ АУЫЛДЫҚ МЕКТЕБІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_159Кілт сөздер:
Байтұрсынұлы, Алекторов, Орынбаев, ауыл мектебі, ҚостанайАңдатпа
Ағартушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері А.Байтұрсынұлының ғұмырнамасындағы ұстаздық қызметті зерттеу – өзекті мәселелердің бірі. Оның педагогика саласындағы еңбегін жан-жақты тану және зерделеу ағартушының білім беру саласын дамытуға қосқан жеке үлесін ғана бағалауға ғана емес, оның замандастары мен болашақ ұрпақ үшін тарихи маңызын пайымдауға мүмкіндік береді. 1900-1902 жылдары А.Байтұрсынұлы Қостанай уезі Меңдіғара болысындағы Орынбаев (Урунбаев) ауылдық мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. Мектеп әкімшілік тұрғыдан уезд орталығындағы Қостанай педагогикалық сыныбына бағынды. Сондықтан А.Байтұрсынұлына ауылдық мектептегі мұғалімдікпен қатар Қостанай педагогикалық сыныбында да ұстаздық қызмет атқару мүмкіндігі туындайды. Оның Қостанайдағы ұстаздық қызметі кезеңінде Мұғалімдік сыныпты белгілі ағартушылар С. Көбеев, М. Дулатұлы аяқтап шығады. Қостанай қаласында А.Байтұрсынұлы әдеби шығармашылықпен айналысып, И. Крыловтың мысал өлеңдерін аудара бастайды. Қостанайда А.Байтұрсынұлы Торғай халық мектептерінің инспекторы А.Е. Алекторовпен кеңірек танысады. 1902 жылдың көктемінде Халық ағарту министрлігі А.Алекторовты Ақмола, Семей облыстары халық мектептері директоры қызметіне тағайындайды. Бұл мекеме аталған облыстарда халық мектептерінің жұмысын жолға қою мақсатында жаңадан ашылады. А. Алекторов А.Байтұрсынұлына директордың ісжүргізуші қызметін ұсынады. 1902 жылдың мамыр айында А.Байтұрсынұлы аталған лауазымды атқару үшін Омбыға қоныс аударады. Осылайша оның ағартушылық қызметінің жаңа кезеңі басталады. А.Байтұрсынұлының ғұмырнамасының Қостанай кезеңін зерттеу ғалымдар мен оқырмандарға оның білім мен ағарту ісіне қосқан үлесін, қоғамның әлеуметтік-мәдени тұрғыдағы дамуына қосқан үлесін зерделеуге жол ашады.