Редакциялық саясат

«3i: intellect, idea, innovation – интеллект, идея, инновация»

көпсалалы ғылыми журналының редакциялық саясаты

 

Көпсалалы ғылыми журнал докторанттардың, магистранттардың және ғылыми зерттеулер ізденушілерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялау мен  ілгерлетуіне, сондай-ақ ғылыми нәтижелер мен зерттеу тәжірибесімен алмасу мақсатында  құрылған. Ғылыми ақпаратты таратуда, ғылымға жаңа зерттеушілерді тартуда,     теория мен практиканың өзекті мәселелерін шешу барысында  журналдың  мәселелерді талқылауға  арналған айдарлары аса маңызды қызмет атқарады.

Мақсаты: ветеринария, ауылшаруашылығы, педагогика, тарих, филология және экономика ғылымдары салаларындағы түпнұсқалық әрі өзекті зерттеулерді жариялау арқылы ғылымның дамуына ықпал ету. Журнал халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және маңызды ғылыми нәтижелерді кең академиялық қауымдастыққа таратуға бағытталған.

Журналдың міндеттері:

 

- ветеринария, ауыл шаруашылығы, педагогика, тарих, филология және экономика ғылымдары бойынша зерттеу нәтижелерін жариялауға мүмкіндік жасау;

- тиісті ғылыми салалардағы отандық және шетелдік жетекші ғалымдар мен мамандарды рецензиялау үдерісіне тарту арқылы жоғары ғылыми стандарттарды сақтау;

- ветеринария, ауыл шаруашылығы, педагогика, тарих, филология және экономика салаларындағы әдіснамалық және теориялық әзірлемелерді көрсету, сондай-ақ бұл ғылым салаларын жаңа зерттеулермен байыту;

-қазақстандық ғалымдарды халықаралық ғылыми қауымдастыққа ықпалдастыру;

- журналды «ашық қолжетімділік» (Open access) форматындағы ғылыми басылым ретінде дамыту;

- журналдың халықаралық дерекқорлар мен ашық электрондық ресурстардағы қамтылуын кеңейту;

- шетелдік оқырмандар үшін журналдың қолжетімділігін арттыру – зерттеудің мәні бойынша кеңейтілген мазмұнынағылшын тілінде жариялау, негізгі терминдерді (түйінді сөздерді) көрсету және пайдаланылған әдебиеттер тізімін латын әліпбиінде қайталап беру.

«3i: intellect, idea, innovation – интеллект, идея, инновация» журналы кең көлемде    ғылыми қоғамға, ЖОО оқытушыларына, магистранттарға, студенттерге арналған.

Журнал айдарлары:

Ветеринария ғылымдары

Ауыл шаруашылық ғылымдары

Педагогикалық ғылымдар

Тарих ғылымдары

Филология ғылымдары

Экономика ғылымдары

Журналдың құрылтайшысы университет болып табылады, сондықтан басылым ұжымының алдында ғылыми қызметтің қоғамдық беделін арттыру, ғылым мен білім арасындағы байланысты нығайту міндеттері тұр.

Журнал басылымы университет пен Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің басқа да жоғары оқу орындары  мен ғылыми мекемелері арасындағы шығармашылық байланысты дамытуға ықпал етеді. Редакция алқасының құрамына Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан, Италиядан, Словакиядан, Түркиядан және басқа да шет елдерден белгілі ғалымдар кіреді, бұл отандық ғалымдардың өзара әрекеттесуі үшін ақпараттық кеңістікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Журнал ISSN серияларды тіркеудің халықаралық орталығында (ЮНЕСКО, Париж, Франция) тіркелген.

Басылым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Басылымның жиілігі: жылына төрт рет.

Жариялану шарттары. «3i: интеллект, идея, инновация» журналының редакциясына келіп түскен барлық қолжазбалар формальды талаптарға (қолжазба дизайны) сәйкес тексеріледі, сондай-ақ, плагиатты тексеру жүйесі арқылы қолжазбада басқадан  алынған мәтіннің бар-жоғын тексереді, оған қол жеткізу университеттің жазылымымен және міндетті түрде қосарланған анонимді шолумен қамтамасыз етіледі. Алынған нәтижелер негізінде журналдың редакциялық алқасы қорытынды шешім қабылдайды.

Мұрағаттау. Ғылыми журналдардың электронды нұсқалары қорды қалыптастыру және электронды кітапханаға қосу үшін «ҰҒТБТК» АҚ-на беріледі. Журнал Elibrary.ru сайтындағы материалдарды мұрағаттайды.

Ашық қолжетімділік саясаты. Журнал мақалалары (http://3i.ksu.edu.kz / мақалалар мұрағатына сілтеме) жалпы білімнің артуына ықпал ететін қағидаларды ұстана отырып, зерттеу нәтижелері барлық тілек білдірушілерге ашық түрде  қолжетімді.