дене шынықтыру ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Авторлар

  • Қабылбек Айбек Болатбекұлы Торайғыров университеті
  • Ксембаева Сәуле Камалиденқызы Торайғыров университеті
  • Бообекова Қадиян Сансакеевна Қырғыз-Түрік Манас университеті
  • Темірғалиева Самал Ермұхамбетқызы Торайғыров университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD2532213

Кілт сөздер:

дене шынықтыру, біліктілікті арттыру, кәсіби даму, Қазақстан , медициналық-педагогикалық бақылау.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қазіргі жағдайы егжей-тегжейлі қарастырылады. Зерттеу барысында оқытудың модульдік әдістерін енгізуге, цифрлық технологияларды қолдануға және дәрігерлік-педагогикалық бақылаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Мақалада білім беру бағдарламасы мен нормативтік-құқықтық базаға салыстырмалы талдау жүргізілді, "Дене шынықтыру және спорт туралы заңның" негізгі ережелері ескерілді. Сонымен қатар, кәсіби қажеттіліктер мен біліктілікті арттыру бағдарламаларына қанағаттанушылықты анықтау мақсатында дене шынықтыру пәні бойынша оқытушылар арасында сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижелері дене шынықтыру  мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру, оларды оқытудың кешенді әдістемелерін игеру және медициналық және педагогикалық менеджмент дағдыларын жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. Арнайы курстарға қол жетімділіктің шектелуі, мектептердегі техникалық жабдықтардың жетіспеушілігі және мұғалімдерге арналған арнайы цифрлық ресурстардың болмауы сияқты мәселелер анықталып,олардың келесі зерттеулерде назар ауыдарылуы белгіленеді. Қашықтықтан оқыту платформалары мен заманауи технологияларды қолданудың табысты тәжірибелері қарастырылып, жүйені жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілді. Бұл ұсыныстар мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға, оқыту сапасын жақсартуға және дене шынықтыру сабақтарының қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Қабылбек Айбек Болатбекұлы, Торайғыров университеті

    докторант

  • Ксембаева Сәуле Камалиденқызы, Торайғыров университеті

    Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

  • Бообекова Қадиян Сансакеевна, Қырғыз-Түрік Манас университеті

    PhD

  • Темірғалиева Самал Ермұхамбетқызы, Торайғыров университеті

    дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-10-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар