БОЛАШАҚ ПСИХОЛОГТАРДЫ ДАЯРЛАУ:СЛОВАКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG2542287Кілт сөздер:
психологиялық білім , Қазақстан , Словакия , практика , оқу , жұмысАңдатпа
Зерттеудің өзектілігі Болон үдерісінің жүзеге асырылуы және академиялық ұтқырлықтың кеңеюі жағдайында әртүрлі елдердегі психологиялық білімнің сапасы мен өзара үйлесімділігін арттыру қажеттілігінің өсуімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты - Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде (Қазақстан) және Трнава университетінде (Словакия) психологтарды даярлау бағдарламаларына салыстырмалы талдау жүргізу. Негізгі міндеттері -психологиялық білім беруді дамытудың тарихи аспектілерін зерделеу, бакалавриаттың құрылымы мен мазмұнын талдау, қабылдау шарттарын салыстыру, түлектердің жұмысқа орналасу перспективалары мен білім беруді жалғастыру мүмкіндіктерін бағалау. Зерттеу әдістемесі жоғары білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларын, университеттердің ресми құжаттарын және нормативтік актілерді зерделеуді қамтитын сапалы салыстырмалы талдауға негізделген. Талдау барысында негізгі айырмашылықтар анықталды: Қазақстанда түлектерге оқу бітіргеннен кейін бірден жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін төрт жылдық бакалавриат бағдарламасы жүзеге асырылады, ал Словакияда міндетті түрде магистратураны аяқтауды және кейінгі супервизиядан өтуді талап ететін екі деңгейлі жүйе қолданылады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы-мәдени, тарихи және институционалдық факторлардың психологтарды даярлау жүйесіне әсерін анықтау. Зерттеудің практикалық маңыздылығы оқу бағдарламаларын жаңғырту және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту үшін алынған қорытындыларды қолдану мүмкіндігі болып табылады. Жұмыс салыстырмалы педагогика мен психологияның дамуына ықпал етеді.

