КВАНТТЫҚ ОҚУ МӘТІНДЕРІН ӘЗІРЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ХИМИЯЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНЕ ЕНГІЗУ

Авторлар

  • Ескендирова Азиза Айбековна Ш.Уәлиханов университеті
  • Шаяхметова Айсулу Алкешовна Ш.Уәлиханов университеті
  • Нурмуханбетова Нургуль Нуркенқызы Ш.Уәлиханов университеті
  • Ногоев Юсуп Якубович Ш.Уәлиханов университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_113

Кілт сөздер:

білім беру технологиясы, мәтінді кванттау, кванттық оқу мәтіні, білім беруді жаңғырту, химия, педагогикалық контент, педагогикалық іс

Аңдатпа

Мақалада оқу мәтіндерін кванттау әдісі арқылы қайта құру негізінде педагогикалық мазмұнды құру мәселелері қарастырылған. Қолданылған әдіске қанағаттанушылығына қатысты студенттердің химиялық пәндерді меңгеру үрдісінде  статистикалық сауалнама басты зерттеу әдістердің бірі ретінде таңдалды.

Кванттық мәтіндерді құрудың ғылыми-әдістемелік негіздерінің моделі ұсынылған, ол негізгі ережелерді, принциптерді және алгоритмдерді қамтиды. Қазақстанның жоғары оқу орындарында (Абай атындағы ҚазҰПУ, Ш.Уәлиханов атындағы ҚУ) химиялық пәндер бойынша әзірленген квантталған мазмұнның ғылыми-педагогикалық дұрыстығын тексеру жүргізілді, бұл білім беру технологиясын енгізу үдерісін неғұрлым тиімді масштабтауға мүмкіндік берді.

Авторлар мақсатты аудиторияны, егжей-тегжейлі деңгейді, материалды құрылымдауды және оларға сәйкес келетін технологиялық құралдарды таңдауды ескере отырып, материалдарды құру бойынша қадамдар мен ұсыныстарды сипаттайды. Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық бағыттағы басқа пәндерді оқыту кезінде кванттау әдісін қолдану мүмкіндігіне сараптамалық баға берілді.

Квантталған мәтіндер негізінде оқу процесінде интеграциялаудың оңтайлы стратегияларын әзірлеуі, мазмұнды заманауи білім беру стандарттарына бейімдеуі және оқыту әдістерінің тиімді бағалануы аталған тақырыптың  ғылыми-әдістемелік  маңызын ашып көрсетеді. Бұл көзқарас химия саласында  қазіргі  қоғам талабына сай сапалы және заманауи білім беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Ескендирова Азиза Айбековна, Ш.Уәлиханов университеті

    Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің докторанты, Ш.Уәлиханов университеттің химия және биотехнология кафедрасының оқытушысы

  • Шаяхметова Айсулу Алкешовна, Ш.Уәлиханов университеті

    Филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а,  Ш.Уәлиханов университеттің әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы кафедрасының меңгерушісі

  • Нурмуханбетова Нургуль Нуркенқызы, Ш.Уәлиханов университеті

    химия ғылымдарының кандидаты, м.а доцент, Ш. Уәлиханов университеттің химия және биотехнология кафедрасының меңгерушісі

  • Ногоев Юсуп Якубович, Ш.Уәлиханов университеті

    Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің докторанты, Ш.Уәлиханов университеттің химия және биотехнология кафедрасының оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-10-17

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар