БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ВИРТУАЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӨЗЕКТІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_216Кілт сөздер:
виртуалды симулятор, виртуалды лаборатория;, виртуалды технологиялар, STAR , VR ойындарАңдатпа
Мақалада білім саласында виртуалды технологиялардың, атап айтқанда, виртуалды шынайылық (VR) технологиялары және виртуалды лабораториялардың қолданылу өзектілігі баяндалады. Әлем бойынша бұл салада зерттеулер жүргізген ғалымдар анықталады. Мақсат: Жаңа заман талабына сәйкес білім беруді ұйымдастыру және білім алушылардың оқуға ынта-назарын арттыру, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Міндет: виртуалды технологиялардың білім саласында қолданылу жағдайы мен өзектілігін зерттеу және талдау. Қазіргі білім саласында онлайн виртуалды тәжірибе жүргізуге арналған лабораторияларға шолу жасалынады. Виртуалды лабораторияларды оқытуда қолданудың артықшылықтары мен кемшілігі келтіріледі. Бірқатар Ресей ғалымдарының виртуалды лабораторияларға қатысты ой-пікірлері ұсынылады. Студенттердің танымдық үрдісін арттыру бағытына виртуалды лабораториялардың әсері баяндалып, қорытынды жасалады. Ғалымдар жасаған виртуалды лабораторияның құрылымы ұсынылады. Жалпы осындай ауқымды бағдарламалық кешенді жасау кезеңдері келтіріледі. Еліміздің жоғары оқу орындарында виртуалды шынайылық (VR) технологияларын білім беру процесінде қолдану жағдайы анықталды. Виртуалды технологияларды білім саласында қолдану мүмкіндіктері анықталды. Білім беруде қолданылатын виртуалды шынайылықтың оқыту құралы ретінде қолдану негіздері келтірілді. Виртуалды шынайылық бойынша соңғы жылдары әлем бойынша жүргізілген зерттеулер келтірілді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында виртуалды лабораториялардың қолданылу жағдайын анықтау мақсатында студенттер арасында сауалнамана жүргізілді, нәтиже алынып қорытынды жасалынды.