ЖЕКЕ БРЕНДТІ ДАМЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ: БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРГЕ САУАЛНАМА ЖҮРГІЗУ

Авторлар

  • Аспанова Гульмира Рамазановна Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық институты
  • Жапарова Баглан Магауовна Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық институты https://orcid.org/0000-0002-9251-9154
  • Айдналиева Назгуль Аманжоловна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті https://orcid.org/0000-0002-9784-8774

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_173

Кілт сөздер:

цифрлық білім беру ресурстары, жеке бренд, әлеуметтік желілер, болашақ мұғалім, даму құралдары

Аңдатпа

Білім беру кеңістігі қоғам өмірінің ең консервативті салаларының біріне жататынына қарамастан, бүгін күні онда түбегейлі өзгерістер байқалады: танымның сипатын қайта қарау, білім беру мақсатының өзгеруі және осыдан туындайтын мәселе – мамандардың даярлаудың еңбек нарығы талаптарына сәйкес келмеуі. Авторлар мұғалімнің кәсіби дайындығында жеке брендті дамытудың маңыздылығын атап көрсетеді. Қазіргі білім беруде цифрлық білім беру ресурстары өзекті болғандықтан, бұл мақалада жеке брендті дамытудағы цифрлық білім беру ресурстарының әлеуетті мүмкіндіктері қарастырылады. Мақалада педагогикалық университеттің студенттері арасында мұғалімнің жеке брендін дамытудағы цифрлық білім беру ресурстарының рөлін түсінуіне жүргізілген сауалнаманың талдауы сипатталған. Сауалнама әлеуметтік медианы цифрлық білім беру ресурстарының бір түрі ретінде пайдалану тәжірибесі туралы сұрақтарды қамтыды. Нәтижелер студенттер жеке брендті дамытуда цифрлық білім беру ресурстарының маңыздылығын түсінеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда, сауалнамаға қатысқан респонденттердің көпшілігі бұл ресурстарды жеткіліксіз пайдаланады. Авторлар болашақ мұғалімдерді жеке брендті дамытуда тиімді пайдалануға дайындау үшін педагогикалық жоғары оқу орындарының үйірме жұмысының оқу жоспарына цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануды оқытуды қосуды ұсынады.

Автор өмірбаяндары

  • Аспанова Гульмира Рамазановна, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық институты

    PhD докторы, педагогика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры

  • Жапарова Баглан Магауовна, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық институты

    педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры

  • Айдналиева Назгуль Аманжоловна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының қауымдастырылғвн профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-01-10

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар