БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДА ҮЙДЕГІ ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_217Кілт сөздер:
үйдегі интернационалдандыру, лингвомәдени құзыреттілік, жоғары білім беруді интернационалдандыру, шетел тілін оқыту, бірлескен онлайн сабақАңдатпа
Бұл мақалада үйдегі интернационалдандыру арқылы білім алушылырдың лингвомәдени құзыреттіліктерін дамыту қарастырылады. Үйдегі интернационалдандыру ұғымы жан-жақты талданып, оның жоғары оқу орындарында жүзеге асырылуы мен тиімділігі зерттеледі. Сонымен қатар, үйдегі интернационалдандыруды жүзеге асыру кезіндегі кедергілер мен қиындықтарды анықтауға бағытталған.
Зерттеуге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 30 білім алушысы және Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетінің 30 білім алушысы қатысты. Зерттеу мақсатына қол жеткізу үшін сандық және сапалық әдіс қолданылды. Сандық өлшеу арқылы білім алушылардың тіл дағдылары айқындалды. Сұхбат алу барысында қатысушылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісті, үйдегі интернационалдандыру бағдарламасының тиімділігі анықталды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері үйдегі интернационалдандыруды сәтті жүзеге асыру үшін институционалдық қолдаудың, ресурстардың және оқытушылардың біліктіліктерін арттырудың маңыздылығын көрсетеді, бұл анықталған кедергілер мен қиындықтардан көрінеді.
Қатысушылардың ұсыныстары осы саладағы тәжірибелерін жетілдіруге ұмтылатын жоғары оқу орындары үшін пайдалы нұсқаулық бола алады. Лингвомәдени құзыреттілікті дамытуда бірлескен онлайн сабақтардың оң әсері үйдегі интернационалдандыруды тиімді педагогикалық тәсіл ретінде әлеуетін көрсетеді. Жоғары оқу орындары білім алушыларының мәдени және ағылшын тілі деңгейлерін арттыру үшін осындай бағдарламаларды оқу жоспарына енгізе алады.