«S-AGRO-BOROVSKOE» ЖШС БАЗАСЫНДА МҰЗДАТЫЛҒАН КЕПТІРІЛГЕН БИЕ СҮТІН ӨНДІРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_48Кілт сөздер:
бие сүті, неміс технологиясы, сублимация, технологияАңдатпа
Бұл мақалада «S-Agro-Borovskoe» ЖШС базасында мұздатып кептірудің озық неміс технологиясын пайдалана отырып, мұздатылған кептірілген бие сүтін өндіру процесі қарастырылады. Өндірістің барлық кезеңдері сипатталған: экологиялық таза жағдайда өсірілген сау Кушум тұқымды биелерден жаңа бие сүтін жинау; сүтті алдын ала мұздату; және кейіннен вакуумдағы ылғалды кетіру. Өнімнің қоректік заттары мен дәмін барынша сақтауға мүмкіндік беретін температура мен қысымды бақылау деректері берілген.
Мақалада ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, дәрумендер мен минералдардың құрамын анықтауды қамтитын алынған өнімнің физика-химиялық талдауы келтірілген. Сүттің органолептикалық қасиеттерін (дәмі, түсі, иісі) бағалау және оларды ГОСТ- пен сәйкес келетін бақылау үлгілерімен салыстыру жүргізілді. Талдау нәтижелері барлық көрсеткіштер бойынша мұздатылған кептірілген бие сүті белгіленген стандарттарға сәйкес келетінін көрсетеді.
Ғылыми зерттеулер BR24992785 2024-2026 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруының «Ғылыми-зерттеу технологиялық орталығын құра отырып, Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінің орнықты дамуын қамтамасыз ету бойынша кешенді зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу» жобасы шеңберінде орындалды.
Бұл зерттеудің мақсаты «S-Agro-Borovskoe» ЖШС базасында мұздатылған кептірілген бие сүтін өндіру процесін талдау, неміс технологиясын қолдану тиімділігін бағалау және оның соңғы өнімнің сапасына әсерін зерттеу болып табылады.