ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫНИ ЖӘНЕ ДАМЫТУШЫ ТАЛДАУЛАР

Авторлар

  • Каппасова Сандуғаш Елтайқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0002-2643-0039
  • Әбілқасымова Алма Есімбекқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Мұсабеков Рашид Қабдукалымұлы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
  • Абдиркенова Акбидаш Капановна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_207

Кілт сөздер:

зерттеу тәсілі, педагогикалық процесс, сыни және дамытушы талдаулар, сыни ойлау, құзыреттер

Аңдатпа

Мақаланың өзектілігі білім беру процесіне инновациялық әдістерді енгізу қажеттілігімен анықталады. Бұл жұмыста білім беру процесіне сыни және дамытушылық талдауларды енгізудің әдістемелік тәсілдері, сондай-ақ олардың оқушылардың зерттеу дағдыларына әсері қарастыры-лады. Осы әдістерді практикалық қолдану мысалдары, олардың оқушылардың мотивациясына әсері талданады, сонымен қатар оқушылардың оқу процесінде тәуелсіз пен сыни ойлауды қалыптастыру үшін оларды одан әрі пайдалану перспективалары анықталады. Зерттеу сыни талдау мен сыни ойлау ұғымдарын салыстыруға негізделген. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы оқытудағы зерттеу тәсілінің рөлін нақтылауда, ал практикалық маңыздылығы білім беру стра-тегияларын жақсарту үшін нәтижелерді қолдану мүмкіндігінде жатыр. Әдістеме қолданыстағы теориялар мен тәсілдерді талдауды, сондай-ақ білім беру тәжірибесінде сыни ойлаудың қолда-нылуын эмпирикалық зерттеуді қамтиды. Зерттеу тәсілінің анықтамаларына талдау жүргізілді, педагогикалық зерттеулерге және сыни ойлаудың маңыздылығын бағалауға ғалымдардың көзқарастары қарастырылды. Негізгі нәтижелер оқушылардың сыни ойлауын дамытуға зерттеу тәсілінің ықпал ететінін растайды, яғни бұл жұмыс педагогикалық практика мен теорияға құнды үлес қосады.

Автор өмірбаяндары

  • Каппасова Сандуғаш Елтайқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    Педагогика ғылымдарының магистрі, докторант

  • Әбілқасымова Алма Есімбекқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    П.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, РБА академигі, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі, математика, физика және информатика кафедрасы меңгерушісі

  • Мұсабеков Рашид Қабдукалымұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

    Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқытушы-дәріскер, математика, физика және информатика кафедрасының академиялық доценті

  • Абдиркенова Акбидаш Капановна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    PhD докторы, педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-10-18

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар