ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫЛАРДА ТӘРБИЕЛЕНЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_251Кілт сөздер:
отбасы, бала, толық емес отбасы, психологиялық ерекшеліктер, гиперпротекция, гипопротекция, эмоционалды қабылдамауАңдатпа
Мақалада отбасы баланың жеке басын қалыптастырудың негізі болып табылатын белгілі бір моральдық-психологиялық климатты қамтамасыз ететін негізгі институт ретінде қарастырылып, балалар үшін отбасы адамдармен қарым-қатынастың алғашқы мектебі болып табылатындығы сөз болып, осы аспектілердің баланың дамуына әсері жан-жақты қарастырылған. Мақалада толық емес отбасылардағы балалардың жеке ерекшеліктеріне қатысты психолог М.И. Буяновтың, А.В. Петровский және М.В..Полеваяның, отбасылық психотерапевтер Э.Р. Эйдемиллер және В.В. Юстицкистің және психоаналитик В. Бурианның және басқа да ғалымдардың ғылыми көзқарастары жан-жақты қарастырылады, дәйектер келтіріледі. Отбасының түрлері: үйлесімсіз отбасы, бұзылған отбасы, бір ата-анасының отбасынан кетіп қалып, соның салдарынан пайда болған дұрыс емес ата-ана тәрбиесінің жиі кездесетін түрлері: гиперпротекция, гипопротекция, эмоционалды қабылдамау, қатал қарым-қатынас жағдайы және моральдық жауапкершіліктің жоғары болуы деп қарастырылып, осы әр типтің бала тұлғасының қалыптасуына тигізетін әсері талқыланған.
Ата-анасының біреуінің болмауы баланың психикалық дамуының бұзылуына, оның әлеуметтік белсенділігінің төмендеуіне, тұлғалық деформацияларға және гендерлік-рөлдік сәйкестендіру процесінің бұзылуына, сондай-ақ мінез-құлық пен психикалық денсаулықтың әртүрлі ауытқуларына әкелетіндігі дәлелденген. Толық және толық емес отбасылардағы балалардың негізгі айырмашылықтары қарастырылған.