ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЖƏНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ШАҒЫН – ЖОБАЛЫҚ ƏДІСІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ

Авторлар

  • Татьяна Брагина А. Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті https://orcid.org/0000-0002-5568-9082
  • Айжан Косанова № 20 им.Қостанай облысы əкімдігінің білім бөлімінің М.Хəкімжанова

Кілт сөздер:

шағын-жобалық əдіс, жалпы білім беру қызметі, инновациялық қызмет, талдау

Аңдатпа

Қазіргі уақытта əлемдік білім беру жүйесінде революциялық өзгерістер орын алуда. Оқу материалдарын беру мен игерудің жалпы жүйесін қайта құрумен қатар, жеке практикалық тапсырмалардың əдістері, оның ішінде жобалық жұмыстарға ерекше жəне басты рөл берілуде. Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желісі жататын жалпы білім беретін мектептер мен инновациялық білім беретін жетекші мектептер деңгейінде қазіргі заманғы білім беруде оқушылардың ғылыми шағын-жобалық қызметке тартылуын талдау болып табылады. Бұл жұмыс екі мектепте жобалық жұмыс қалайша жүзеге асатыны, оқушылардың жобалық жұмыстарға тарту сапасы көрсетілген. Шағын жобалық тапсырмалар мен сауалнамаларды талдау мысалында оқушылардың жобалық белсенділігі мен олардың нəтижелері оқушылардың бастапқы дайындық деңгейіне, тақырыптың проблемаларына, жаңа шешімдерді іздеуге, жаңа білім мен дағдыларды алуға, өзін-өзі тануға жəне өзін-өзі көрсетуге, оқушылардың бəсекеге қабілеттілігі мен жеке қасиеттеріне əсер ететіндігі көрсетілген. Бұл мақалада əр түрлі деңгейлі мектептерде жобалық əдістің жүзеге асырылуы салыстырмалы түрде талданған.

Автор өмірбаяндары

  • Татьяна Брагина, А. Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    биология ғылымдарының докторы, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессоры, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университетінің, Қостанай, Қазақстан; Жалпыресейлік балық шаруашылығы жəне мұхиттану ҒЗИ-дың Азов-Қара теңіз бөлімінің бас ғылыми қызметкері, Дондағы Ростов, Ресей.

    ID 30267449100 (Scopus)

    https://orcid.org/0000-0002-5568-9082 (Scopus)

  • Айжан Косанова, № 20 им.Қостанай облысы əкімдігінің білім бөлімінің М.Хəкімжанова

    биология пəні мұғалімі, № 20 им.Қостанай облысы əкімдігінің білім бөлімінің М.Хəкімжанова, 2 курс магистранты,КРУ им. А. Байтұрсынов, Қостанай, Қазақстан

Жарияланды

2022-03-28

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар