ШУЛЬМАННЫҢ СИГНАТУРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БАКАЛАВРЛАРЫНЫҢ ВОКАЛДЫҚ-ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН SPOC ФОРМАТЫНДА ЗЕРТТЕУ: ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТ

Авторлар

  • Рахметов Тахауи Базарбекұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Момбек Әлия Әнуарбекқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Баймұхамбетова Ботагөз Шәкірқызы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • Султанова Жанагуль Сердалиевна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2612250

Кілт сөздер:

вокалдық-орындаушылық дайындық, Шульманның сигнатуралық педагогикасы, онлайн-курс, музыкалық білім, дәстүрлі дайындық түрі

Аңдатпа

Бұл мақалада SPOC форматында Шульманның сигнатуралық педагогикасы негізінде музыкалық білім беру бакалаврларының вокалдық-орындаушылық даярлығының тиімділігін бағалау нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық-орындаушылық қызметінің сапасын арттыруға ықпал ететін педагогикалық тәсілдерді іздеу қажеттілігіне негізделген. Зерттеудің мақсаты: Шульманның SPOC форматындағы сигнатуралық педагогикасы негізінде музыкалық білім беру бакалаврларының вокалдық-орындаушылық даярлығының тиімділігін бағалау болып табылады. Ғылыми зерттеу фокусында мынадай мәселелер қаралды: вокалдық-орындаушылық даярлықтың дәстүрлі нысанындағы музыкалық білім беру бакалавриаты студенттерінің қабылдауы; Шульманның сигнатуралық педагогикасының іргелі қағидаттарын біріктіретін SPOC форматындағы онлайн-курсты әзірлеу, сондай-ақ оның тиімділігін бағалау. Бұл үшін мынадай әдістер пайдаланылды: сауалнама жүргізу, сандық-сапалық әдіс, орташа мәндерді салыстырмалы талдау, ANOVA дисперсиялық талдау. Нәтижелер білім алушылардың академиялық көрсеткіштерінің артқанын және олардың вокалдық-орындаушылық құзыреттіліктерінің едәуір дамығанын айғақтады. Алайда, Шульманның сигнатуралық педагогикасы мен дәстүрлі оқу нысаны негізінде электронды форматта оқыған студенттер арасында оқу қызметіне деген уәждеменің көрінісінде елеулі айырмашылықтар анықталған жоқ. Алайда, Шульманның сигнатуралық педагогикасы мен дәстүрлі оқу нысаны негізінде электронды форматта оқыған студенттер арасында оқу қызметіне деген уәждеменің көрінісінде елеулі айырмашылықтар анықталған жоқ. Жүргізілген зерттеу музыкалық білім беру бакалаврларының кәсіби даярлық сапасын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге теориялық үлес қосады.

Автор өмірбаяндары

  • Рахметов Тахауи Базарбекұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD докторанты

  • Момбек Әлия Әнуарбекқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

  • Баймұхамбетова Ботагөз Шәкірқызы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

    PhD, педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Султанова Жанагуль Сердалиевна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD, аға оқытушы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-07

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар