ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ЖАНТАНУ ІЛІМІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Авторлар

  • Оспанұлы Серікбай Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі
  • Мырзағалиева Күлзада Мешітбайқызы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2611234

Кілт сөздер:

Құран, Алла тағала, жан, қан, тән, өмір

Аңдатпа

Қасиетті Құранда адам алғаш қалай жаратылса, екінші рет те солай жаратылады. «Оны сондай алғаш жаратқан тірілтеді»[36, Ясин, 78-79];«Сендерге уәкіл етілген өлім періштесі жандарыңды алады. Сосын Раббыларыңа қайтасыңдар»[32. Сәжде сүресі, 10-11 аят .]; «Сендерді тірілтеді, өлтіреді және күндіз түннің ауысуы Оған тән. Ал ойлайсыңдар ма?»[23.Муминұн сүресі, 80 аят],-делінеді.

Барлық өркениетті діндер жанның бар екендігі жөнінде үш мың жылдан бері айтып келеді. Алайда, материадистік байлыққа қол жеткізген сайын рухани дүниеміз тоқырап, дүниетаным да өзгере бастады. Медицина  да Алла тағаланың берген жанын мойындамай, материалистік көзқарастан арыла алмай келеді.

Шындығында «Өлгеннен соң өмір бар ма?», «Жан», «Рух» дегеніміз не?», Олар жайында дін, ұлы тұлғаларымыз, теолог ғалымдар, философтар не дейді?», «Ыбырай Алтынсарин жантану іліміне қандай үлес қосты?» Мақалада осы сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғалып, жауап ізделеді.

Автор өмірбаяндары

  • Оспанұлы Серікбай, Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі

    Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері

  • Мырзағалиева Күлзада Мешітбайқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    филология ғылымдарының кандидаты,

    тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының

     профессор ассистенты

     

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-02

Журналдың саны

Бөлім

Филологиялық ғылымдар