АУДАРМА ЭКОЛОГИЯСЫ: КЕҢІСТІК-УАҚЫТ КОНТИНУУМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДАРМА ПРОЦЕСІДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SRDG2611243Кілт сөздер:
эколингвистика, экоперевод, аударманы гармонизациялау, қимыл-қозғалыс етістіктері, кеңістік-уақыт континуумы, бастапқы және мақсатты мәдениетАңдатпа
Мақала эколингвистика мен аударматану тоғысындағы концептуалдық зерттеуге арналған және аударманың экологиялық өлшемін, сондай-ақ аударма мәтіндегі кеңістік-уақыт континуумының трансформациясын қарастырады. Зерттеудің өзектілігі гуманитарлық ғылымдардағы экологиялық бетбұрыспен байланысты, бұл бағытта тіл адамның дүниетанымын, құндылықтарын және мінез-құлқын қалыптастыратын маңызды фактор ретінде, ал аударма мәдениетаралық коммуникацияның делдалдық формасы ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – экологиялық қағидаттардың аударма стратегияларына, әсіресе қимыл-қозғалыс етістіктері мен уақыт көрсеткіштерін беру тәсілдеріне әсерін талдау және олардың мақсатты мәдениетке аударма мәтінінің үйлесімді бейімделуіндегі рөлін айқындау. Зерттеу әдіснамасы аударманы гармонизациялау теориясына және экоперевод тұжырымдамасына негізделіп, ағылшын тіліндегі көркем мәтіндер мен олардың орыс тіліндегі аудармаларын салыстырмалы талдауды қамтиды. Зерттеу нәтижелері аудармашының кеңістік пен уақыт мағыналарын нақтылау, алмастыру, түсіріп қалдыру және мәдени бейімдеу арқылы түрлендіретінін көрсетеді. Бұл өзгерістер мағыналық және прагматикалық үйлесімділікке қол жеткізуге бағытталған функционалдық әрекеттер ретінде сипатталады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы аударманы кеңістік-уақыт континуумы аясындағы экологиялық бейімделу процесі ретінде қарастыруымен анықталады. Зерттеудің практикалық маңызы аударма практикасы мен аудармашыларды кәсіби даярлауда қолданылу мүмкіндігімен байланысты.

