ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІН ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР, ЖАҺАНДЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАСТАР

Авторлар

  • Калыбеккызы Карлыгаш Торайғыров университеті
  • Тулекова Гульмира Мухамеджановна Торайғыров университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SKVC2622137

Кілт сөздер:

цифрландыру, жоғары білім, цифрлық университет, білім беру саясаты, әлеуметтік өзгеріс, білімді басқару

Аңдатпа

Қарқынды түрде өріс алған цифрландыру үрдісі қоғамның барлық салаларына тереңінен еніп отыр. Яғни, қоғам алдында тұрған маңызды міндет – ақпараттарды өңдеу мен қолданудың жаңа тәсілдерін меңгеру арқылы технологиялық жаңғыруды қамтамасыз ету. Ал, мәселенің түп-тамыры білім беру жүйесінен бастау алады және цифрлық құзыреттерді дамыту арқылы адами капиталды қалыптастыру мен дамыту үдерістері өміршең де өзекті мәселелер қатарына енеді. Ұсынылып отырған мақалада білім беру кеңістігін цифрландыру мәселесінің теориялық негіздері мен заманауи тұрғыдағы маңызды тәсілдеріне талдау жасалынады. Цифрландыру бағытына қатысты анықтамалар мен отандық және шетелдік ғылымдағы түсініктемелер жүйеленеді. Мақала авторлары цифрландыру үрдісін, білім беру жүйелерін әлемдік талаптарға сай бейімдеуді өзгерістердің негізгі факторы ретінде қарастырып, оның тиімді бағыттарын айқындау білім беру жүйесін жақсарту ісінде маңызды рөл атқарады деп айқындайды. Озық үлгілерге талдау жасай отырып, білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізудің мазмұндық, әдістемелік және әлеуметтік қырларын зерделейді. Білім беру кеңістігін цифрландырудың табысты түрде жүзеге асырылуы тек техникалық мазмұнға емес, ғылыми негізделген стратегияларға, педагогикалық тәсілдерге және білім беру саясатының жүйелі қолдауына тәуелді екендігі дәлелденеді. Осы тұрғыда  Қазақстандық білім беру жүйесінде жүзеге асырылып жатқан цифрлық бағдарламалар талданып, ұлттық ерекшеліктер аясында әлемдік тәжірибедегі озық үлгілердің енгізілуінің маңыздылығы атап өтіледі. Халықаралық және ұлттық тәжірибелерге салыстырмалы талдау жүргізе келе, отандық білім беру жүйесін цифрландырудың заңдылықтары мен ерекшеліктерін және  негізгі бағыттары айқындалады.

Автор өмірбаяндары

  • Калыбеккызы Карлыгаш, Торайғыров университеті

    PhD докторанты, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы

  • Тулекова Гульмира Мухамеджановна, Торайғыров университеті

    PhD докторы, қауымдастырылған профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар