ЕРЕКШЕ БІЛІМ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БОЧЧА НЕГІЗІНДЕГІ БЕЙІМДІК ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/Кілт сөздер:
инклюзивті білім беру, бейімдік дене тәрбиесі, бочча, тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушылар, қозғалыс дағдылары, әлеуметтік бейімделуАңдатпа
Бұл мақалада инклюзивті дене тәрбиесі жағдайында бочча спортының тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушылардың қимыл-қозғалыс және әлеуметтік дағдыларының дамуына әсері зерттелді. Инклюзивті білім беру жүйесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың дене белсенділігін арттырып және олардың әлеуметтік бейімделуін қолдау, маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады. Осы тұрғыда бейімдік спорт түрлерін оқу-тәрбие процесіне енгізудің тиімділігін ғылыми негіздеу өзекті мәселе саналады. Зерттеудің мақсаты – бочча элементтеріне негізделген бейімдік дене тәрбиесі бағдарламасының тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігі мен әлеуметтік өзара әрекеттесу деңгейіне ықпалын анықтау. Педагогикалық экспериментке 26 білім алушы қатысып, олар бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Эксперименттік топта 12 апта бойы бочча элементтерін қамтитын арнайы жаттығу бағдарламасы қолданылды. Зерттеу барысында педагогикалық бақылау, тестілеу, әдістері және статистикалық өңдеу тәсілдері пайдаланылды. Нәтижелер эксперименттік топта қозғалыс дәлдігі, қимыл-қозғалыс үйлесімділігі және әлеуметтік өзара әрекеттесу көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсарғанын көрсетті, ал бақылау тобында өзгерістер айқын байқалмады. Зерттеу нәтижелері бочча спортының инклюзивті дене тәрбиесі жағдайында тиімді педагогикалық құрал бола алатынын және оның ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту мен әлеуметтік бейімделуін қолдауға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

