АЛТЫНСАРИН АУДАНЫНДА СҮТТІҢ ШИКІЗАТТЫҢ БҰРМАЛАНУЫ МЕН БИОҚАУІПСІЗДІГІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_31Кілт сөздер:
шикі сүт, биоқауіпсіздік, фальсификация, мастит, нормативті құжаттарАңдатпа
Мақалада сүт өңдеу кәсіпорындарын Қостанай облысында орналасқан сүт фермаларында өндірілген шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша мониторингтік зерттеулер көрсетілген.
Зерттеу мемлекеттік органдардың аналитикалық материалдарын пайдалана отырып, ресми статистиканың материалдары бойынша жүргізілді.
Алтынсарин ауданына қарасты қосалқы шаруашылықтардың әл-ауқатын қалыптастыру мақсатында ветеринариялық қадағалау органдарымен ұсынылған есеп құжаттамаларына мониторинг жүргізілді.
Шетелдік және отандық әдебиеттерден сілтемелер келтіре отырып, шикі сүттің қауіпсіздігі туралы ғылыми мақалаларға талдау жасалды.
Мақалада Қостанай облысындағы шикізат тапшылығы мен фальсификация мәселесі ашылған.Фальсификацияның пайызы мен түрі белгіленеді.
Жеке жеткізушілерден сатып алынған сүт – шикізатқа физикалық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша талдау жасалды. Шикі сүт үлгілерін микробиологиялық зерттеу нәтижелері көрсетіледі. Зерттелетін үлгілердің бактериялық ластану пайызы белгіленді. Сондай-ақ сүт – шикізаттың соматикалық жасушаларының құрамы бойынша зерттеулер жүргізілді.
Мақалада сүт – шикізаттың табиғилығын талдау көрсетілген. Ол үшін келесі көрсеткіштер анықталды: құрғақ майсыздандырылған сүт қалдығы, тығыздығы, майдың массалық үлесі.
Ветеринариялық қадағалау және бақылау мамандарының жеке жеткізушілермен жүргізілетін тәрбиелік іс-шараларының маңыздылығы да атап өтілді.