ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДА СИЫР ЕТІ МЕН СҮТІНІҢ САПАСЫНА ҚОРШАҒАН ОРТА ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_4_10Кілт сөздер:
Ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздік, шектік жіберілетін концентрация, жануар текті өнімдер, ауыр металлдар, контаминация, уыттылықАңдатпа
Мақалада авторлар Қарағанды облысының әр аудандарында сиыр еті мен сүтінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудың нәтижелерін көрсеткен. Зерттеу барысында келесі көрсеткіштер өткізілген: органолептикалық және физикалық-химиялық; жалпы уыттылық пен ауыр металл қосылыстарының қалдық мөлшерлері анықталған; зерттеуге жүгіндірілген аумақтардағы әр аудандардан алынған малшаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне баға жасалған; сиыр сүті мен етінің органолептикалық және физикалық–химиялық көрсеткіштері зерттелген; сүт пен етте ауыр металл қосылыстарының қалдық мөлшерлері жинақталуы динамикасы маусымдық сипатта анықталған.
Тағам өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету денсаулықты қорғаудың ұлттық және халықаралық бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеу нысандары микроорганизмдердің токсиндері, уыттық элементтер (ауыр металл элементтері), антибиотиктер, пестицидтер, нитраттар, нитриттер, диоксиндер мен диоксин тәрізді қосылыстар, радионуклеидтер т.б.
Экологиялық ахуалы жағынан алғанда Қарағанды облысы еліміздің экологиялық сау емес аумақтарының бірі болып табылады. Бұл аталған өңірде қара және түсті металлургия орындарының, энергетикалық кешендердің және «АрселорМиттал Теміртау» мен «Қазақмыс» тәрізді өзге өнеркәсіп нысандарының жоғары шоғырлануымен түсіндіріледі.
Сол себептен қоршаған орта факторларының Қарағанды облысы жағдайында сиыр еті мен сүтінің сапасына әсерін зерттеу үлкен практикалық және теориялық маңызға ие әрі аса өзекті мәселе.