Арнайы білім беруде ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолданудың түзете-білім беру мүмкіндіктері

Авторлар

  • Райхан Бегежанова А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Кілт сөздер:

білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар, ақпараттық-коммуникативті технологиялар, бағдарламалар оқыту, электронды білім беру ресурстары, арнайы білім беру жүйесі

Аңдатпа

Мақала арнайы білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникативті технологиялардың түзете-білім беру мүмкіндіктеріне арналған. Мақалада білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуда ақпараттық-коммуникативті құралдарды қолдану мақсаты, міндеттері, принциптері, тиімдігілі және артықшылықтары  (дәстүрлі жағдайда баланың қабылдауын елестету мүмкін емес объектілерді модельдеу, ақыл-ой және практикалық іс-әрекеттерді үйретудің тиімді жағдайларын жасау, оқу процесін қосымша көмекші құралдармен, тіректермен қамтамасыз ету және т.б.) көрсетілген. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуда ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолданудың негізгі бағыттары (демонстрациялық-энциклопедиялық бағдарламалар; Power Point презентациялар бағдарламасы, тренинг - түрлі оқыту бағдарламалары, зертханалық жұмыстар, бағалаумен тестілеу, бақылау бағдарламалары, электронды, дамыту бағдарламалары), компоненттері (бағдарламалап оқыту құралдары: компьютер, бағдарламаланған оқулық, киножаттықтырғыш және т.б.), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды арнайы оқытудағы оқыту бағдарламаларының сызықты, тармақталған, бейімделген түрлеріне сипаттама беріледі. Қазіргі заманғы оқыту құралдарының бірі – электрондық білім беру ресурстарын қолдану негізінде қазіргі заманғы оқу материалдарының кешенін құру жайлы баяндалады. Сонымен қатар, мақалада арнайы білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникативті технологияларды әзірлеу және енгізу жолында түрлі кедергілерді еңсерумен байланысты туындайтын қиындықтар көрсетіледі.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар