ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЖЕТТІЛІКТЕРІН БАҒАЛАУДА АТА-АНАЛАР РӨЛІ

Авторлар

  • Шотыбаева Лаура Абылқасымқызы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті https://orcid.org/0009-0009-1292-8459
  • Абаева Ғалия Әскербековна Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_308

Кілт сөздер:

ЕБҚ бағалау, инклюзивті білім беру, бағалау аймақтары , баланың даму динамикасы, жеке оқыту бағдарламасы.

Аңдатпа

Бұл мақалада  білім беру процесінің үшінші жағы ата-ана тарапынан ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау бойынша ұсыныстары мен пікірлері  қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың саны жыл сайын артуына байланысты, оларды бағалау мен мүмкіндігіне орай білім беру мақсатын жүзеге асыру үлкен мәселе болып отыр. Сондықтан біз мақаланың басты мақсаты ретінде   ЕБҚ бағалау бойынша ата-аналар қаншалықты хабарар екендігін анықтау  және бағалау нәтижелерінің білім беру жүйесіне ықпалын анықтауды алдық.   Ата-аналардың  ЕБҚ баланы оқытуда белсенді мүшесі болуы үшін олар балалар жайлы қандай ақпарат білуі керек,  ЕБҚ  баланы оқыту сапасын көтеру үшін қандай ұсыныстар ұсына алады, олар білім беру процессінде және бағалауда қандай мәселелермен кездесіп жатқандығы туралы интервью  алынды. Осы мәселе бойынша біршама шет елдік  ғылыми зерттеу жұмыстары қарастырылып, анализ жасаылынды. Бұл зерттеу жұмысының нәтижесі   ретінде   бағалау бойынша шет елдік тәжірибені негіздей отырып  және ата-аналардың пікірін ескере отырып,  ұсыныстар берілді. Бұл ұсыныстар инклюзивті білім беру  жүйесінде ЕБҚ бағалау мен ЕБҚ оқыту бойынша білім сапасын көтеруге қолдануға болады.

Автор өмірбаяндары

  • Шотыбаева Лаура Абылқасымқызы, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

     педагогика ғылымдарының  магистрі, докторант

     

  • Абаева Ғалия Әскербековна, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Педагогика және психология институтының директоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-01-10

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар