СЫНЫПТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІН ТӘРБИЕЛЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_4_171Кілт сөздер:
мінез-құлық, мәдениет, сыныптан тыс жұмыс, тәрбие, адамгершілік, қарым-қатынас, әдептілік, рухани тәрбиеАңдатпа
Бастауыш сыныптарда баланың рухани әлемі мен адамгершілік бейнесінің маңызды қасиеттерін қалыптастырып, мінез-құлқы, еркіндігі мен моральдық келбетінің ерекшеліктерін есепке ала отырып әрбір ұстаз оқу мен тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастырудың өзектілігі мақала мазмұнында баяндалады. Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының бойында әдепті мінез-құлық пен мәдениетілікті қалыптастыруда сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың маңыздылығы қарастырылған. Бастауыш сынып оқушыларының әдепті іс-әрекеттері мен дүниетанымдық көзқарастары, салауатты дағдылары мен ұнамды мінез-құлық нормаларын сақтау сыныптан тыс жұмыстар мен мұғалімнің шеберлікпен ұйымдастарған жұмыстардың мазмұнында екендігі мақалада айтылған. Мақала мазмұнында бастауыш сынып оқушыларының бойында өнегелі мінездің болуы білім беру ұйымдарындағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстары мен отбасының бірлескен тәрбиелік жұмыстарға байланысты екендігі көрсетіледі. Сабақтан тыс оқу және тәрбиелік іс-әрекеттер оқушылардың мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруына ықпал жасап, мәдени дағдыларды игеруге, өз жауапкершілігін арттыруға септігін тигізетіні көрсетілген. Зерттеу жұмыстарының мазмұны мен нәтижесі мақала мазмұнында сипаталып, бастауыш сынып оқушысының мінез-құлық мәдениетінің негізгі қызметтері мен сыныптан тыс жұмыстарда кітап оқу, саяхат, серуен, байқаулар, көркемөнер т.б. шығармашылық және әдістемелік жұмыстарды жүйелі жоспарлау қажеттілігі баяндалады.